№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс қамақпен аяқталды

Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс қамақпен аяқталды

Жаңақорған аудандық сотында 15 қыркүйек 2023 жылы азамат З-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы З. Жаңақорған кенті Байдүсен көшесінің бойында «Опел вектра» үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу белгісі 843ЕYА11 автокөлігін алкогольді масаю күйінде басқарған әрекеттерін жасағаны анықталды.

Сотта қарау барысында құқық бұзушы З. кінәсін мойындап, арақ ішіп, автокөлік басқарғанын көрсетті. 

Соттың қаулысымен құқық бұзушы З. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,  15 тәулік әкімшілік қамаққа алынды және көлік құралын басқару құқығынан 7  жыл мерзімге айырылған. 
                                                                                                          
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
28 қыркүйек 2023 ж. 423 0