» » » АБАЙ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ

АБАЙ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ

Құрметті жаңақорғандықтар!

Сіздерді бүгінгі Абай күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін 10 тамыз əлемдік деңгейдегі ғұлама ойшыл, ұлы ақын, ағартушы, ұлт руханиятының темірқазығы, адамзат ақыл - ойының асқар шыңына айналған ұлттық мақтанышымыз – Абай Құнанбайұлының туған күні!


2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілген болатын.
Ұлағаттың ұшар биігіндегі Абайды тану бұл тұтас ұлтты танумен бірдей. Абай әлемінен сусындап, Абай әлемінен нәр алған әрбір қазақ баласының өресі биік болары хақ.
Рухани дамудың жаңа биігіне көтерілген еліміз үшін Абай - болашаққа бағыт, айнымас сара жол. Абай әлемі шетсіз, шексіз әлем. Оның аспаны биік, түбі тұңғиық, ұшы - қиырына көз ілеспес кең дүние. Абайды танып білу үшін ыстық ықылас, кең жүрек, зор пейіл, зерек білім керек. Ел Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы "Абай елдік мұраттың айнымас Темірқазығы" деп атады. Себебі Абай - қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, ой-танымы, даналығы - ұрпаққа мұра, рухани азық.
Ұлы данышпаннан қалған мол мұраны сақтау, ұрпаққа насихаттау ол біздің міндет.

Абай күні баршамызға құтты болсын!
10 тамыз 2023 ж. 751 0