№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Абай – әділдік символы

Абай – әділдік символы


Абай есімі қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен қайта жаңғыруының, өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.

Қазақтың сөз өнеріне Абай Құнанбаев қосқан үлестің қайталанбас үлгілері әлі айтылып таусылған жоқ. Шексіз құнды дүниелері әлі талай оқырманды таңқалдыратын болады.
Абай шығармашылығы исі қазақтың тұтас бір дәуірдегі ақыл-ойының, парасатының, мәдениеті мен әдебиетінің, өнерінің асқар шыңы іспетті. Оның өлеңдері қазақ поэзиясын өз кезеңінде ең озық деңгейге көтерді. Сол заманның ащы шындығын бейнелеп, өркениетті сипатта оң қорытынды шығара алды. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрын-соңды заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ» – деп бағалауы күні бүгін мәнін жойған жоқ.
Абайдың 175 жылдық мерейтойын зор көлемде атап өту, оған арнайы күн белгілеп мемлекеттік мереке ретінде тойлау Үкімет тарапынан жасалған оң шешім деп санаймын.

Гүлнұр САПАРБАЕВА
№169 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
11 тамыз 2020 ж. 1 982 1

Нурдаулет от 11 тамыз 2020 15:16
Өте тамаша жазылған