№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2021 жылдың аудиторлық қызметінің көрсеткіштері»

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2021 жылдың аудиторлық қызметінің көрсеткіштері»

Департамент тарапынан 2021 жылы255 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде жалпы 24,1 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталған, оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 17,9 млрд. теңге немесе 74,3%(қаржылық+рәсімдік сипатағы бұзушылықтар)және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 6,1 млрд. теңгенемесе 25,3%жалпы анықталған бұзушылықтар сомасынан.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жатқаны 8,9 млрд. теңге, олардан Департаменттің ден қою шараларымен жалпы қалпына келтірілгені 6,4 млрд. теңге және бюджетке өтелгені 2 млрд. теңге.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралары бойынша аудит объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедураларында жалпы сомада 6,1 млрд. теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталған, оның ішінде қорытындысына әсер ететін2,1 млрд. теңге және 4 млрд. теңге өткізілген мемлекеттік сатып алулардың қорытындысына әсер етпейтін, сонымен қатар жалпы аудитпен қамтылған мемлекеттік сатып алу бойынша қаражат көлемі 6,7млрд. теңге немесе анықталған бұзушылықтар сомасынын үлес көрсеткіші 91% құрайды.
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің лауазымды тұлғаларына қатысты336әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, айыппұлдын жалпы сомасы31 млн. теңгені құрап, оның ішінен 30,3 млн. теңгесі бюджеткірісіне өндірілген.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2021 жылдың 12 айында анықталған заңнама бұзушылықтардың 9,3 млрд. теңге сомасында 23 мемлекеттік аудит материалдары жолданған. Қолданылған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарымен 6 аудит материалдары бойынша қылмыстық істер қозғалып, сот органдарына жолданған.
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар негізінде тәртіптік жауапкершілікке 291 аудит объектісінің лауазымды тұлғалары тартылған.
Өткен кезең ішінде, Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға және оған жол бермеуге бағытталған 79 іс-шаралар өткізілген.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарында 60 Департаменттің аудиторлық қызметінің көрсеткіштері бойынша мақалалар мен жарияланымдар жарияланған.



Жоспарлау, талдау, есептілік
және сапаны бақылау бөлімі
11 наурыз 2022 ж. 1 032 0