Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті: 2019 жылы көрсеткіш
Департамент тарапынан 2019 жылдың 12 айында 208 аудиторлық іс-шара жүргізілген, оның ішінде 28,1 млрд. теңге бюджеттің шығыс бөлігі қамтылған. Нәтижесінде жалпы 21,3 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталған, оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 16,1 млрд. теңге және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 5,2 млрд. теңге.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жатқаны 12,6 млрд. теңге, олардан Департаменттің ден қою шараларымен жалпы қалпына келтірілгені және бюджетке өтелгені 12,1 млрд. теңге.
Салалар бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласына тиесілі – 3,9 млрд. теңге немесе 31,5% жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасынан; энергетика саласында 2,1 млрд. теңге немесе 16,9%; денсаулық сақтау саласында 1,7 млрд. теңге немесе 13,7%; білім беру секторында 1,6 млрд. теңге немесе 12,9%; құрылыс, сәулет және қалақұрылысы саласында 1,6 млрд. теңге немесе 12,9%; облыс, қала және аудандардың әкімі аппартардың ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдарда 1,1 млрд. теңге немесе 8,9% жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасынан.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралары бойынша аудит объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедураларында жалпы сомада 5,2 млрд. теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталған.
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің лауазымды тұлғаларына қатысты 431 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, айыппұлдын жалпы сомасы 30,2 млн. теңгені құрап, оның ішінен 30,1 млн. теңгесі бюджет кірісіне өндірілген.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2019 жылдың 12 айында анықталған заңнама бұзушылықтардың 6,7 млрд. теңге сомасында 40 мемлекеттік аудит материалдары жолданған. Қолданылған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарымен 6 аудит материалдары бойынша қылмыстық істер қозғалып, сот органдарына жолданған.
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар негізінде тәртіптік жауапкершілікке 191 аудит объектісінің лауазымды тұлғалары тартылған, оның ішінде 2 лауазымды тұлғалар атқарып отырған орнынан босатылған.