Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 20,4 млрд. теңгенің заң бұзушылықтары анықталған

20,4 млрд. теңгенің заң бұзушылықтары анықталған

Департамент тарапынан 2018 жылдың 12 айында 186 аудиторлық іс-шаралар жүргізілген, оның ішінде 53,7 млрд. теңге бюджеттің шығыс бөлігі қамтылған. Нәтижесінде жалпы 20,4 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталған (немесе 38,1% қамтылғаннан), оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 13,6 млрд. теңге және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 6,8 млрд. теңге.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жатқаны – 11,7 млрд. теңге (анықталған жолсыздықтардың жалпы сомасынан 86%, мемлекеттік сатып алу бұзушылықтар сомасын қоспағанда), олардан Департаменттің ден қою шараларымен жалпы қалпына келтірілгені және өтелгені – 11,6 млрд. теңге
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралары бойынша аудит объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедураларында жалпы сомада – 6,8 млрд. теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталған.
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің 111 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұлдын жалпы сомасы 12,2 млн. теңгені құрап, олардың ішінен бюджетке өндірілгені 11,2 млн. теңге.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2018 жылдың 12 айында анықталған заңнама бұзушылықтардың 6,5 млрд. теңге сомасында 28 мемлекеттік аудит материалдары жолданған.
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар негізінде тәртіптік жауапкершілікке 201 аудит объектісінің лауазымды тұлға тартылған.
Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен жүргізілетін аумақтық Департаменттердің қызметің бағалау кестесінің қорытындылара сәйкес 2018 жыл бойынша Департамент 3-ші орын алған.

Р.Ә.Хайдар,
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің бөлім басшысы. 
29 наурыз 2019 ж. 776 0