№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Тәуекел

«Тәуекел» депбір істі Аллаға сеніп тапсыруды айтамыз. Пенде қолынан келгеннің бәрін жасап соңында тәуекелге бел буып нәтижесін Аллаға тапсыруы. Пенде ісін Аллаға тапсырып соңын Алладан күтсе міне нағыз иман еткендердің қатарынан болмақ.                                                               
Бірде Пайғамбарымызға бір кісі келіп; «Иа Алланың елшісі түйемді жіберіп тәуекел етейін ба? деп сұрағанда,  алдымен байла, сосын тәуекел ет»-деп бұйырады».
Сондықтан Ислам ғалымдары себептерді тәрк ету, рызық табуда жүгіруденбас тарту, бір біріне сенім артып жалқаулық таныту ислам щариғаты рухымен сәйкес келмейді.
Кез келген істе тәуекелге бармастан алдын себептерін жасау керек, содан кейін тәуекелге бару қажет.
Қасиетті Құран кәрімде «Кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол көмекте жетіп асады»[2] - деген.
 Алла Тағала қандай көмекте болмасын жетіп асушы, осыны ұмытпай жолдағы болмашы себептерден сұрап алданып қалмау керек. Ата бабамыз недейді?! Аллаға сенгеннің екі бүйірі шығады, адамға сенгеннің екі көзі шығады. Бұл сөзде ата-бабаларымыздың жоғарыдағы аят хадистерді қуаттап тұрғанын байқаймыз. 
Кім Аллаға шынайы тәуекел етсе, Алла пендесін құрметке махаббатқа бөлейді, оның қиыншылығында жетерлік болады, жүрегін қанағат пен туралықпен толтырады, сыртын тазалықпен адамгершілікпен  әсемдеп қояды. Алла Тағала Құранда «Алла сөзсіз өзіне сүйенгендерді сүйеді» - деген.
Тәуекелге шынайы бел буып, береріне риза болып, істерін Аллаға тапсырып, үкіміне разы болса міне сол шынайы тәуекел болмақ. Бишр Ал Хафи бір сөзінде «Сендерден біреуің Аллаға тәуекел еттім дейді, бірақ ол ісімен сөзіне қарама қайшы іс әрекет жасап жатады, егер шынайы тәуекелге барса Алла ол пендесіне не берседе разы болар еді» - деген.
Пайғамбарымыз бір хадисінде «Егер де Аллаға шынайы түрде тәуекел етсеңдер, Хақ Тағала сендерді таңертең ұясынан аш құрсақ ұшып шығып, кешке қарай жемсауы толып оралған құстарды рызықтандырғаны секілді рызықтандырар еді»
Ия ерте таңмен таласа тұрып, аш күйде рызығын іздеп шығып, кешкісін тойып қайтатын құстың өзі Аллаға деген шынайы сенімі, рызығын тек бір Алладан күтсе.   Алла сізді рызықсыз қалдырады деп ойлайсыз ба?! Сіздің белгілі жұмысыңыз бар, алып отырғын жалақыңыз бар, белгілі уақыттарда жұмыс жасайсыз. Алладан еш үміт үзбеу керек, жаңбырлы бұлттан кейін жарқырап күннің шығатыны секілді, сіздің де рызығыңыз бүгін болмаса да ертең болады. 
Алла Тағала баршамызды өзіне шынайы тәуекел етіп, рызығын тек бір өзінен күтетін пенделерінің қатарынан қылсын. Әмин!

Мағжан ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,
Қызылорда облыстық орталық«Ақмешіт-Сырдария»мешітінің наиб имамы
«Тирмизи» китаб сифа ал-қияма
«Талақ» сүресі 23-аят
«Әл-Имран» сүресі, 159 аят
«Тирмизи хадистер» жинағы.
25 мамыр 2021 ж. 1 905 0