Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Садақа


Садақа беруші жан, ол ақшаның алдымен Аллаға жетіп, кейін мұқтаждың қолына тиетінін білгенде, алушылардың емес, берушілердің қатарынан болғанды қалар еді...
Садақаның пайдасы жайлы білесіз бе?
1. Садақа - жəннəттің бір есігі.
2. Садақа - игі істердің төресі. Ал ең жақсы садақа - аш адамды тамақтандыру.
3. Ақырет күні садақа сая болып, пендені тозақ отынан арашалайды.
4. Садақа Алланың ашуын жəне қабірдің ыстығын қайтарады.
5. Марқұм үшін бұ дүниеден жетер ең керемет сыйлық - садақа. Алла Тағала садақа үшін сауапты еселеп береді.
6. Садақа - ізгі амалдарды көбейтіп, жан тазаруына септігін тигізеді.
7. Садақа ақырет күні садақа берушінің жүзіне бақыт сыйлайды.
8. Садақа - Ақырет күні жан тыныштығының себебі əрі өткен күнге өкінішті жоюшы.
9. Садақа - күнəнің кешірілуіне жəне өткен күнгі қателіктердің өтемі.
10. Садақа беруші жанның өлімі жеңіл болады жəне Періштелердің дұғасына лайықты болады.
11. Садақа беруші адам да, оның жақын адамдары да сауапқа кенеледі.
12. Алла Тағала садақа беруші адамға көптеген сауап уәде еткен.
13. Ақшасын садақаға жұмсайтын адам ізгі адамдар қатарынан болады, көпшіліктің махаббатына бөленеді.
14. Садақа - мейірімділік пен ізгілік белгісі.
15. Садақа берушінің дұғасы қабыл болады. Алла Тағала ол адамнан ауырпашылықты алыстатады.
16. Садақа бұ дүниедегі жамандық атаулының 70 есігінің жабылуына себеп.
17. Садақа өмірдің ұзаруына, дəулеттің көбеюіне септігін тигізеді. Əрі садақа берушінің бұл дүниедегі дәрежесін асырады.
18. Садақа - дертке шипа əрі дауа.
19. Садақа садақа берушіні көптеген жамандықтан сақтайды: ұрлық, ауыр өлім, күйік шалу, суға бату жəне т.с.с
20. Құс пен жан - жануарға берілгее садақаға сауап бар!

Садақаның ең жақсы түрі осы жазбаны тарату!

Қайрат Нұрлықасымұлы парақшасынан.
19 желтоқсан 2020 ж. 691 0