№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көптеген жақсылықты қамтитын хадис

Көптеген жақсылықты қамтитын хадис

Ахмад ибн Ханбалдан (раһ.): Халид ибн Уәлидден (р.а) риуаят етілген хадисте, арабтардан бір адам Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп; «Уа Алланың елшісі, мені дүние мен ахретте бақытқа жетелейтін амал туралы сізден сұрауға келдім» - дейді.
Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «...сұрағың келгендеріңді сұра» - деп бұйырады:
«Адамдардың ең білгірі болғым келеді» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алла Тағаладан қорқсаң – адамдардың ең білгірі боласың» - деп бұйырады.
«Адамдардың ең байы (ауқаттысы) болғым келеді» - дейді.
Пайғамбарымыз(с.ғ.с) : «Қанағатшыл болсаң – адамдардың ең байы боласың» - деп бұйырады
«Адамдардың ең әділі болғым келеді» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) (с.ғ.а): «Өзің үшін қалағаныңды басқалар үшін де қаласаң – адамдардың ең әділі боласың» - деп бұйырады.
«Адамдардың ең қайырлысы болғым келеді» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Адамдарға пайдалы болсаң – адамдардың ең қайырлысы боласың» - деп бұйырады.
«Алланың құзырында адамдардың ең таңдаулысы болғым келеді» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алла Тағаланы көп зікір етсең – Алланың құзырында адамдардың ең таңдаулысы боласың» - деп бұйырады.
«Иманымды толықтырғым келеді» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : «Мінез-құлқыңды (ахлағыңды) жақсартсаң – иманың толық болады» - деп бұйырады.
«Ихсан иесі болғым келеді» -дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : «Алланы көріп тұрғаныңдай құлшылық жаса, сен оны көрмесең де ол сені көреді. Сонда ихсан иесі боласың» - деп бұйырады.
«Мойынсұнғыш болғым келеді» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алланың парыздарын орындасаң – мойынсұнғыш болғаның» - деп бұйырады.
«Алланың құзырына күнәлардан арылып барғым келеді» - дейді.
Пайғамбарымыз(с.ғ.с) : «Ғұсылсыздықтан тазару үшін ғұсыл құйынсаң – күнәлардан арылып, Аллаға қауышарсың» - деп бұйырды.
«Қиямет күні нұр ішінде Аллаға қауышқым келеді» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ешкімге зұлымдық жасамасаң – қиямет күні нұр ішінде Аллаға қауышарсың» - деп бұйырады.
«Қиямет күні Раббымның мейірімділік танытуын қалаймын» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Нәпсіңе және басқа адамдарға қарсы мейірімді болсаң – Раббың да саған қиямет күні мейірімділік танытады» - деп бұйырады.
«Күнәларымның аз болғанын қалаймын» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : «Истиғфарды көбейтсең – күнәларың азаяады» - деп бұйырады.
«Адамдардың ең абыройлысы болғым келеді» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : «Адамдарға жұмысың туралы шағымданбасаң – адамдардың ең абыройлысы боласың» - деп бұйырады.
«Адамдардың ең мықтысы болғым келеді» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Аллаға тәуекел етсең – адамдардың ең мықтысы боласың» - деп бұйырады.
«Алланың ризығымды арттыруын қалар едім» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Тазалыққа (адал, арамға) мән берсең – Алла ризығыңды арттырады» - деп бұйырады.
«Алла елшісінің сүйіктілерінің қатарында болғым келеді» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алла мен оның елшісін жақсы көрсең – олардың сүйіктілерінің қатарында боласың» - деп бұйырады.
«Қиямет күні Алланың азабынан сенімді (қаперсіз) болғым келеді» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алланың жаратқандарының ешбіріне наразылық танытпасың – қиямет күні Алланың азабынан қаперсіз боласың» - деп бұйырады.
«Дұғамның қабыл болуын қалар едім» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Харам жеуден аулақ болсаң – дұғаң қабыл болады» - деп бұйырады.
«Қиямет күні Раббымның айыптарымды жасыруын қалар едім» - дейді.
Пайғамбарымыз(с.ғ.с) : «Діндегі бауырларыңның айыптарын жасырсаң – Алла Тағала да қиямет күні сенің айыптарыңды жасырып қалады» - деп бұйырады.
«Қай жақсылық Алла Тағалаға (сауап тұрғысынан) ең жоғары?» - деп сұрайды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жақсы міне-құлық, қарапайымдылық және пәле-жалаларға сабыр ету» - деп бұйырады.
«Қай жамандық Алла Тағалаға (күнә тұрғысынан) ең жоғары?» - деп сұрайды.
Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Жаман мінез-құлық, тойымсыздық және сараңдық» - деп бұйырады.
«Дүние мен ақыретте Алланың азабын кетіретін нәрселер нелер?» - деп сұрайды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жасырын садақа беру және ағайын туысты зиярат ету (сылай-ы рақим жасау)» - деп бұйырады.


23 ақпан 2020 ж. 1 085 0