Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Қызылорда облысындағы эпидемиологиялық ахуал

Қызылорда облысындағы эпидемиологиялық ахуал

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен осы күнге дейін тіркелген науқастар саны – 3 262-ге жетті. Оның ішінде Қызылорда қаласында - 1962, Арал ауданында – 114, Қазалы ауданы – 102, Қармақшы ауданы – 144, Жалағаш ауданы – 112, Сырдария ауданы – 183, Шиелі ауданы – 288 және Жаңақорған ауданында – 357.
Өткен тәулікте, яғни 29 қазан күні коронавирус инфекциясымен 3 жағдай тіркеліп отыр. Оның 1-уі Қызылорда қаласынан тіркелсе, 2-уі Қармақшы ауданынан тіркелді.
Коронавирус инфекциясымен тіркелгендердің бірі жұмысқа барар алдында ПТР сынамасын тапсырып, нәтижесі "оң" мәнді болса, енді бірі аурухананың фильтр кабинетінен сынама алынып, нәтижесі "оң" мәнді, бірі стационарда жоспарлы түрде ем қабылдау мақсатында сынама тапсырып, нәтижесі "оң" мәнді болып отыр.
Коронавирус инфекциясы, нақтыланған жағдай, «симптомсыз» түрі диагнозы қойылып, 2-уі үй жағдайында оқшауланса, 1-уі стационарда оқшаулауға алынды. Сондай-ақ, қарым-қатынаста болған азаматтар да анықталып, оқшаулауға алынды.
Жалпы коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны – 14 378, тікелей қарым-қатынас – 11 629, ықтимал қарым-қатынас та болғаны 2 739-ге жетті.
29.10.2020 ж. 24 сағат аралығында зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 1049, тексерілгені – 525 сынама, 524 сынамамен жұмыс жасалуда. Қалдық тест саны – 21 609. Эпид. маусым басталғалы бері барлығы 113 987 сынама алынды.
          
        
01 қараша 2020 ж. 606 0