№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Фильтр кабинетінде коронавирус жұқтырған кім?

Фильтр кабинетінде коронавирус жұқтырған кім?

Қызылордада аурухананың фильтр кабинетінде коронавирус жұқтырған адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазір облыс бойынша вирус жұқтырған 246 адам бар. Олардың барлығы бақылауға алынған. Ал 205 адам емделіп шықты.

«Қызылордада аурухананың фильтр кабинетінде коронавирус жұқтырған адам анықталды. Облыс бойынша қазіргі таңда індет жұқтырғандардың 50-і медицина қызметкер бар», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов. Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған – 3 343 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны –1 869, жанама қарым-қатынаста болғаны – 1 474 азамат. Облыс бойынша барлығы 560 сынама алынды. Нәтижесінде 559-ы теріс мәнді, 1-уі оң мәнді. Айта кетерлігі, Қызылордада бүгіннен бастап базарлар ашылады.
21 мамыр 2020 ж. 851 0