№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » 42500: СМС келсе не істейміз?

42500: СМС келсе не істейміз?


42 500 теңгелік төлемге өтініштерді қабылдау 17 шілде басталды. Ал келесі дүйсенбі яғни 20 шілдеден бастап, 42 500 ақырын төленіп басталады. Айтпақшы, ЕСП тағы төлеудің қажеті жоқ.


Өтініштерді бұрынғыдай 42500.enbek.kz cайты және egov.kz арқылы жібере аласыз. Сондай-ақ телеграм-боттар да сол қалпы жұмыс істемек. Неге бұрынғы төлем алғандарға автоматты түрде түсірмеске? Мәселе мыңда екен:
ТЖ уақыты деп жарияланған Сәуір-Мамыр кезінде табыссыз қалғандар, қазір жұмыс істеп жатуы мүмкін. Ал сол кезде жұмыс істегендердің жұмыс тоқтап, бизнесі жабылып, дәл қазір көмекке мұқтаж болып қалуы ықтимал. Сондықтан, 42 500-ге өтініш жіберген дұрыс. Ал, кейбір азаматтардың бұрынғыдай төлемге зәрулігі анықталса, СМС-хабарламамен жағдайы нақтыланып, 42 500-ді өтінішсіз тағайындау жағы қарастырылып жатыр.
Алдыңғы жолы, жалақысы жүріп тұрса да, 42 500-ді алып алғандар көп болды ғой. Енді ондай мәселені болдырмау үшін мынадай шарт енгізіп отыр. Жұмысы тоқтап қалған кәсіпорын басшылары — еңбеккерлерін ақысыз демалысқа жіберген болса, әр қызметкері үшін порталда өтініш беруі керек. Қай бизнес, қай мекеме жұмыс істеп тұр немесе жабылып тұр, оны Атамекен ҰКП және құзырлы орындар тексеріп отырады. Жұмыс берушілер қазірден жұмысшыларының мәліметтерін тексеріп, құжаттарын дайындай бергені дұрыс.
20 шілде 2020 ж. 1 082 0