№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 42500 теңге қалай беріледі?

42500 теңге қалай беріледі?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде карантиннің шілде айының соңына дейін созылатынын және мұқтаж азаматтарға 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалғанын айтты. Осы тұста бұл әлеуметтік көмектің жергілікті жерде тағайындалу тәртібі туралы жауапты мамандар пікірін білдік.

Әлеуметтік төлем 17 шілдеден бастап өтініштерді қабылдайды. Өті­ніш қыркүйек айына дейін жүзеге асатындықтан жаппай даурығудың қажеті жоқ. Осыны ескерткен Үкімет басшылары әлеуметтік төлем­нің халыққа тиімді тұсын сөз етті. Бұл төтенше жағдай кезіндегі қағидатына сай, карантин кезінде табысынан айрылған азаматтарға беріледі. Мәселең, жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор), орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызмет­керлері, жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер, карантин енгізілген елдімекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері, азамат­тық-құқықтық келісімшарт бойынша кіріс алатын адамдар шілде айынан бастап әлеуметтік төлем алуға мүмкіндігі мол.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеу­меттік бағдарламалар және азамат­тардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Жаңабек Тұрлыбекұлы жал­­дамалы жұмысшыларын ақысыз еңбек демалысына жіберген жұмыс берушілер мен карантин кезінде жұмысы тоқтаған жеке кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыс­пен қамтып жүрген аза­маттар әлеуметтік төлемді ала алатынын жеткізді.
– Әлеуметтік төлемге өтініш беру 42500.enbek.kz порталы, Egov.kz  электронды үкімет порталы және Telegram-боттар арқылы жүреді.  Пор­талдармен үйде отырып, өтініш біл­діресіз. Ал, боттар арқылы өзін-өзі жұмыс­пен қамтитын жеке тұлғалар өтініш береді. Олардың барлық әлеу­меттік жағдайы ескеріліп, төлем төленетін болады, – деді ол.
Айта кететіні, жалған  жарнамаға сеніп, қалтадан қағылып қалмаңыздар. Осындай әрекеттер қатаң бақыланады. Бұл жолғы әлеуметтік төлем ерекшелігі, өткенде ЕСП төлеген болсаңыз, бұл жолы төлемейсіз. Студент болғаныңыз үшін емес, бос уақытта жұмыс істеп жүрген болсаңыз 42 500 теңге беріледі. Яғни, официант, сатушы болып қаржы тауып жүрген жастарға беріледі. Мүлде жұмыс жасамаған жандар жұмыспен қамту орталығына келіп, жұмыссыздыққа тіркеліп, 4 күн ішінде жұмыс таба алады.
Бір сөзбен айтқанда, көмек шын мұқтаж жандарға бағытталып отыр. Осындай азаматтардың байланыс номеріне хабарлама келіп түсетін болады. Бұл көптеген тұрғынға үміт сыйламақ. Жұмысыңыздан айрылып, табыс тоқтаған қызметшілер карантин уақытында мемлекет қамқорлығында болады. Десе де, жалған өтініш беріп, қаржы қармап қалуға оқталғандарға заң алдында жауапқа тартылатынын ескертеміз.

Мақпал МАРҚАБАЙ
18 шілде 2020 ж. 530 0