№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 42500 теңгені қанша жаңақорғандық алды?

42500 теңгені қанша жаңақорғандық алды?

  "Жаңақорған тынысы"  Ел бойынша 1 млн 800 мыңға жуық адамға төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты 42500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай ел көңіліндегі күдікті сейілтті. Ал біздің ауданда қанша азамат көмекке қол жеткізді? Осы сұраққа жауап іздеген едік.

  Алдымен мұндай көмек түрін кімдер және қалай ала алады? Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп отырған мекемесі тоқтап, ақысыз демалысқа кеткендерге, еш жерде тіркелмей, үйде табыссыз отырған адамдар, таксист, шаштараз, тәрбиеші болып жұмыс істеп жүрген, бірақ ешқайда тіркелмегендер де алуға құқылы.
Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.
  Үкімет халықтың денсаулығы үшін барлық тиімді шараларды жасап жатыр. Қазір банктер есеп-шотты онлайн ашуға тапсырма алды. Алғашқылардың бірі болып «Каспий банк» АҚ онлайн карточка ашуды ұсынды. Мұны құп көрмей, банктерге барып карточка аламын дейтін азаматтар eGov арқылы өтініш жазғанда IBAN, яғни счет нөмірін сұрамайтын тетік қарастырылды. Олардың өтініші қаралып, счет нөмірі дайын болғанда әлеуметтік көмек аударылады. 42500.enbek.kz сайты арқылы әлеуметтік төлемге берілген өтінішіңіз қаралғаны жөнінде ақпаратты білуге болады.
  Енді негізгі тақырыпқа оралсақ. Бірнеше күннен бері 42500 теңге алғандардың қуанышы естіле бастады. Көпшілік күдікпен қараған әлеуметтік көмекке қол жеткізгендер ішінде жаңақорғандықтар да бар. Мұны білу үшін «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті Жаңақорған аудандық бөлімшесінің басшысы Алия Аблаеваға хабарластық.
Оның сөзінше, республикадан өті­ніш берушінің карточкасына жәр­демақыны тікелей аударып жібереді. Сондықтан ауданнан қанша адам алғаны жөнінде ақпарат жоқ екенін жеткізді.
  Аудандық жұмыспен қамту, әлеу­­меттік бағдарламалар және аза­маттардың хал актілерін тіркеу бөлі­мінің басшысы Жарас Мырзалиев: «Қазір тұрғындар eGov немесе 42500.enbek.kz арқылы өздерін өтініштерін жолдауда», дейді.
Демек ауданда әлемеуметтік жәрдемақыны алуға қанша адам өті­ніш бергенін, оның қаншасы 42500 теңгені алғаны жөнінде ақпарат жоқ.
Сондықтан Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылып, жәрдемақыны алған азаматтарды өзіміз іздестірдік. Сондай жанның бірін Қандөз ауы­лынан таптық. Тамара Орынбаева: «Мемлекет осындай қысылтаяң сәтте ешбір жанды қамқорлықсыз қалдырып жатқан жоқ. Ешқайда барып өтініш берген жоқпын, жұмыс істейтін серіктестік тарапынан автоматты түрде төлем жасалды. Әлеуметтік төлем 9 сәуір күні қолыма тиді. Әрине біз үшін бұл үлкен көмек», – деді.
  Жаңақорған кентінің тұрғыны Серік Тастанбеков күнделікті азын-аулақ нәпәқасын такси қызметінен тауып жүрген-ді. Аудан аралық қатынастың тоқтауына байланысты жұмысынан айырылып, үйінде отыр. Бүгінге дейін ешқайда тіркеліп, ешқандай төлем жасамаған болса да, мемлекет құр алақан қалдырмады. Қысқасы, 42500 теңгеге қол жеткізді. Ол электронды түрде өтініш беріп, 4 күн өткенде қаржысы түскенін айтты.
  Қорыта айтқанда, жаһандық жұқ­палы індет әлем елдерін тығы­рыққа тірегені белгілі. Осындай сәтте ел Үкіметі сақтық шараларын күшейтіп, үйден шықпауға жан-жақты мүмкіндік қарастырып, көмек көрсетудің тетік­терін ұсынуда. Осының бір дәлелі – әлеуметтік көмекті алып жатқан жандардың сөзі.

Майра ҒАНИЕВА


14 сәуір 2020 ж. 1 038 0