» » Жұмысы жүріп тұрып, айлығы түсіп тұр. Сонда да өтініш беріп, 42 500 теңгені алып алғандарға не болады?

Жұмысы жүріп тұрып, айлығы түсіп тұр. Сонда да өтініш беріп, 42 500 теңгені алып алғандарға не болады?


Жұмысы істеп тұрса да, жалақысы ай сайын түсіп тұрса да, тегін ақша ғой,-деп мұқтаж болмаса да, 42500-ді алып алған, өтініш берген адамдар бар. Ондайлардың саны да 863 мың кісі екен. Ойлашы, 863 мың!

Кімдер бұлар дейсіз бе? Жұмыс орны - үйде отырып, онлай жұмыс істе, бірақ айлығыңды төлеп тұрамыз десе де, өтініш жазып тастағандар.
Жұмысы мұны ақылы отпускке бара тұр әзірге деген, бұл демалыс ала сала, 42500-ге өтініш жіберген.
Сосын, мемлекеттен онсызда пособия алатын, зейнетақы алатындар да, өтініш тастап, алып қойған әлгі ақшаны.

Еңбек министрі өтініштердің бәрін жіті тексеріп бастап еді. Бас кезде... Енді, 6-7 миллион өтініш түскен ғой. Солардың әрқайсысын шұқшиып тексеруге уақыт керек. Ұзақтау тексеріп кетіп еді, шулап кетті ғой жұрт: - Өтініш жібергеніме 1 апта болды, қайда ақшасы,-деп...
Мынадай қиын кезде, төлемді бір күн кешіктіру - бір отбасыны аш қалдыру деген сөз. Сондықтан, өтініш бергендердің ұяты бар шығар деп, баршасына төлем аударды. Бірақ, бірнеше рет ескертті ғой: Өтініш жазғанда, жауапкершілікті толық мойныңызға аласыз. Біз соған сенеміз. Соңыра тексереміз,-деп...

Таңғалам. ТӨТЕНШЕНІҢ ТӨЛЕМІН - карантин кесірінен жұмысы жабылып, өзі безсодержаниеге кеткен, бір тиынсыз қалғандар ғана алсыншы,-деп Министр 2 ай шырылдады ғой. Мұқтаж болмасаңыз, өтініш бермеңіздер. Ұяттарыңызға қалдырдық бұл істі,-деп талай өтінді де...
Сөйтсек, ұятты жиыстырып қойып, айлығы түсіп тұрса да, 42500-ді алып алғандар көп боп кетіпті. 863 мың деген, тым көп қой?! Осының кесірінен шын мұқтаждар тасада қалып қойып жатыр да? Енді, Прокуратура іске кірісіп жатыр. Кім жұмыс істеп тұрса да, айлығы жүріп тұрса да, ТӨТЕНШЕНІҢ ТӨЛЕМІН алды, жазаланады,-деп отыр...

МҰҚТАЖ БОЛМАСА ДА, ЖӘРДЕМАҚЫНЫ АЛҒАНДАРДЫ ҚАНДАЙ ЖАЗА КҮТІП ТҰР?

Кедейлердің хақысына таласып, 42500-ді алып алған адамдар ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСтің 190-шы БАБЫның 1 және 2-ші тармақтарымен жауапқа тартылады: Бірінші бап бойынша өзгенің мүлкін жымқырған және алдау мен сенімін пайдалану арқылы өзгенің мүлкіне ие болған адамдар 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді (шамамен 2 миллион 758 мың) немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

БАЙҚАУСЫЗДА АЛЫП ҚОЙҒАН БОЛСАҚ ШЕ?

Еңбек министрлігі «қателесіп» өтініш жіберген азаматтарға ақшаны мемлекетке қайтып берудің амалын да ұсынып отыр.
«Егер өтініш беруші қателесіп, әлеуметтік төлем алған болса, бірақ бұл қаражатты қайтару қажет деп санаса, 42 500 теңгені «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»-ның шотына жібере алады:

БСН: 160440007161

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ67009SS00368609110

ТТК: 049

Халық банк пен Каспий банкте шоттары бар азаматтар, «Әлеуметтік төлемдерді қайтару» тетігін таңдай отырып, 42 500 теңгені банктердің ұялы қосымшасынан қайтара алады», - деп хабарланған ақпаратта.

Нұрбек Бекбау
Материал Вкантакте әлеуметтік желісінен алынды.
16 сәуір 2020 ж. 1 583 0