№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 42 500 теңге. Өтінім қабылдау басталды

42 500 теңге. Өтінім қабылдау басталды

Egov.kz, 42500.enbek.kz және homebank.kz порталдарында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы - 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға өтініштерді қабылдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"42500.enbek.kz порталы арқылы бір уақытта өтінімді 75 мыңға дейін азамат бере алады. Бұған дейін хабарланғандай, азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлейтін адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылады. Осы санаттағы, проактивті қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдерді қабылдау проактивті қызметті көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

17 шілдеде жеке кәсіпкерлерден, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдардан және жеке практикамен айналысатын адамдардан өтінімдер қабылдау басталды.
Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінімдерді қабылдау 19 шілдеден басталады.
Еске салайық, 700 мың қазақстандық "42 500 теңге" төлемін проактивті түрде тағайындау үшін SMS-хабарлама алған болатын.
Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:
- egov.kz – "электрондық үкімет" веб-порталы;
- 42500.enbek.kz порталы;
- telegram-bot-тар;
- Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.
Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
18 шілде 2020 ж. 519 0