Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 129

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 147

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 967

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 470

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 669

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 657

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » » 31 мамыр: шаралар онлайн форматта өтеді

31 мамыр: шаралар онлайн форматта өтеді

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қызылордада онлайн форматта өтеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова осылай мәлімдеді.

«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға енген барлық шаралар жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілерде онлайн форматта ұйымдастырылады. Атап айтқанда, облыстық кітапханаларда «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, «Қазақ зиялылары және зұлмат жылдар» атты зиялы қауым өкілдері мен тарихшылардың онлайн форматтағы кездесуі өтеді.
«Нәубет жылдар – халық қасіреті» атты виртуалды тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырылып, «Сыр Шаңырағы» youtube каналында драматург Рахымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектаклі қойылады.Сонымен қатар, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, халықтың рухани санасын қалыптастыруға бағытталған «Байтұрсынов оқулары» онлайн шарасы өтеді. Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған шаралар Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда арнасы» және «Мәдениет мәйегі – Қызылорда» атты YouTube каналында көрсетілетін болады.Сондай-ақ, «Сыр Шаңырағы» Youtube каналында «Елім-ай», «Тәуелсіздік мұраттары» атты облыстық жыршы-термешілердің концерті, «Сыр Бірлігі» Youtube каналында «Трагедия народа и уроки истории» атты өңірдегі тарихшылардың, этномәдени бірлестік өкілдерінің тарихи танымдық ой-пікірлері түсірілген бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылады», – деді ол.Айта кетейік, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері карантиндік және санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.
29 мамыр 2020 ж. 501 0