№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » МӘМС:Жұмыс істемейтін жүкті әйелге медициналық көмек тегін

МӘМС:Жұмыс істемейтін жүкті әйелге медициналық көмек тегін

    Расында денсаулық ең басты құндылық. Алайда экология, сапасыз тамақтану, халықтың әлеуметтік өмір деңгейінің төмендігі және т.б факторлар көптеген аурулардан сақтануға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, әр түрлі аурулардан әдеттегідей балаларды қорғауға қиындық туғызады.    
     Жасөспірім елдің болашағы десек, дені сау ұрпақты өсіру және олардың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуі мемлекеттің ең маңызды жұмысы.  
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асырылуына байланысты, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға ай сайынғы жарналарды мемлекет аударатын болады. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар да бар. Барлық қажетті анализдер, диагностика, тексерулер мен емдеу мемлекеттік жарналарының есебінен жүргізіледі. 
 Дені сау сәбиді дүниеге әкелу үшін әйелдерге жүктіліктің бастапқы мерзімінен бастап тексерулер мен диагностикадан өтіп, қажет болған жағдайда, өзінің денсаулығын жақсартумен қатар, болашақ сәбидің денсаулығын сақтап қалу үшін ем қабылдау қажет. МӘМС жұмыс істемейтін жүкті әйелдерге жоғары дәрежелі медициналық көмекті тегін алуға мүмкіндік береді. 
Сондай-ақ, жеңілдік алушылардың қатарына көп балалы аналар,  жұмыс істемейтін әлеуметтік көмек алушылар, мүгедек-балаларға және бала кезінен мүгедектерге қамқорлық көрсетіп отырған жұмыс істемейтіназаматтар да жатқызылды.
Балаларымыздың денсаулығы – ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін байлық. 
Сәуле АБДАМИТОВА,
«ӘМСҚ» КЕАҚ  Қызылорда облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің сарапшысы
16 қараша 2019 ж. 1 040 0