Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС: АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ

МӘМС: АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ


Тұңғыш Президенттің «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 80-қадамында айтылғандай, еліміздегі денсаулық сақтау саласының қызметі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі негізінде іске асырылады. Бұл бағытта 2015 жылы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» туралы заң қабылданды. Осы Заң аясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ құрылды. 2017 жылдың шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер және азаматтық құқықтық шарт жұмыс атқаратындардан аударымдар мен жарналар осы Қорға тұрақты аударылып келеді.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының мәліметіне сүйенсек, 2019 жылдың наурыз айында Медициналық сақтандыру қорына Қызылорда облысының тұрғындары 258,2 теңге аударған. Ал, жалпы жүйе іске қосылғалы 2017 жылдың 1-шілдесі мен 2019 жылдың 31 наурыз аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 4,5 млрд теңге. Бұл Сыр өңірі тұрғындарының құйған қаржысы. Оның 96,5 проценті жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 3,5 проценті жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, 2019 жылдың 1-қаңтарынан 16-сәуірге дейін жаңақорғандықтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 77 млн. 306 теңге аударған.

ЖАРНА МЕН АУДАРЫМДЫ КІМДЕР ТӨЛЕЙДІ?

Бүгінгі таңда МӘМС заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналар мен аударымдар 5 түрлі форматпен жүргізіледі. Олар: әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға мемлекеттің жарнасы; жұмыс берушінің әрбір жұмысшыға аударатын аударымдары; жұмыскерлер жарнасы; жеке кәсіпкерлер жарналары және белсенді емес тұрғындар. Осы өзгерістерге сәйкес жеке тұлғалар жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылды. Бұл жөнінде толық мәліметті аудандық аурухананың бас дәрігері Яхия Шорабаевтан білдік.
Бас дәрігердің айтуынша, жеке кәсіп­керлер 2018-2019 жылдар үшін жеке кәсіпкер ретінде жарна төлеуден боса­тылғанымен «Жеке кәсіпкерлер» мен «Шаруа­қожалық иелері» Жұмыс беруші ретінде қарамағындағы жалдамалы жұмыс­шылары үшін жарна төлеуге міндетті.
– Жұмыс берушілер қарамағындағы әр­бір жұмысшы үшін 2017 жылы 1 %, 2018-2019 жыл­дары 1,50 %, 2020-2021 жылдары 2 % көлемінде жарна аударады. Балаларға, барлық топтағы мүгедектерге, жұмыссыз ретінде тіркелгендер адамдарға, бала 3 жасқа толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдарға, жүктілікке және, босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдарға, жұмыс істемейтін жүкті әйелдерге, 18 жасқа толмаған мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдарға жарнаны мемлекет төлейді, – деді Яхия Шорабаев. Бұдан бөлек, орта, кәсіптік және техни­калық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдарға, жұмыс істемейтін оралмандарға (тіркелгенге дейін бір жыл ішінде), «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, зей­нетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдарға, тергеу изоляторларындағы адамдарға жарнаны мемлекет төлейді. Мемлекет тарапынан төленетін бұл төлемдер 2020 жылдан бастап жүргізіледі. Әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға мемлекеттің төлейтін жарнасы: 2020 жылы 1,4 %, 2021 жылы 1,6 %, 2022 жылы 1,7 %. Жұмыскерлер 2020 жылға дейін жарна төлеуден босатылған, алайда, 2020-2021 жылдары 1 %, 2022 жылы 2 % аударады. Жеке кәсіпкерлер 1,4 ЕТЖК-дан 2020-2022 жылдары 5 % көлемінде Қорға жарна аударады. Белсенді емес тұрғындар 1 ЕТЖК-дан 2020-2022 жылдары 5 % жарна төлейді. Мемлекет анықтаған жекелеген санаттарға жатпайтын тұлғалар 1 ЕТЖК-ның 5 пайызын төлеу арқылы сақтандыру жүйесіне қосыла алады.
Иә, жалпы медициналық сақтандыру – денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың бір түрі. Медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады. Негізгі мақсаты – қоғам мен халық арасында аурудың алдын алумен қатар, ұлт денсаулығының сапасын арттыру.

Әбдісамат ӘБДІШ.
07 мамыр 2019 ж. 844 0