№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » КӘСІПКЕР АУЫЛ КӨШЕСІН АСФАЛЬТТАП БЕРДІ

КӘСІПКЕР АУЫЛ КӨШЕСІН АСФАЛЬТТАП БЕРДІ

 Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-кұрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Әсіресе, «Туған жер» бағдарламасы бұл бағыттағы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады» делінген еді.

  Расында «ауылына қарап азаматын таны» дейтін даналық сөзі өзінің өміршеңдігін көрсетуде. Бүгінде «елім» деп еміреніп, «жұр­тым» деп жұмыс жасап жүрген жаны жайсаң жомарт жандар жетерлік. Олар қашанда бұқараға жасаған жақсылығын жасырып, және бір ізгілікті істің ұйытқысы болуға дайын тұрады. Бастысы кәсібіне адал. Еңбектенуге жаны құмар. Міне, осындай ізгі қасиеттерді бойына жинаған Сыр өңіріне танымал меценат Үдербаев Мұрат ағамыз Талап ауылдық округінің бас көшесіне демеушілік жасап, асфальттап берді. Тоғыз жүз метр болатын орталық көшені тоғыз жолдың торабы десе де болады. Өйткені, ұстаздар мен оқушылардың күнделікті жүретін жолына айналған көшенің асфальттанғанына тұрғындар дән риза. Бұл жөнінде біз ауыл әкімі Ербол Тақырбасовтан білдік.
– Бүгінгі таңда ауданға белгілі «УАД» ЖШС өңірде тас қиыршақтарын өндірумен қатар асфальт жол төсеумен айналысатын ірі серіктестік. Жақында аталмыш компания Келінтөбе ауылына баратын 47 км жолды асфальттауды бастаған болатын. Ал серік­тестіктің Қытайдан әкелген эколо­гия­лық залалсыз зауыты біздің ауылдың терри­ториясына құрылған болатын. Осыны ескеріп, «УАД» ЖШС бас директоры Мұрат Үдербаев ағамызға хат жазған болатынмын. Яғни, ауыл көшесін асфальттап беру жөнінде. Жаны жомарт ағамыз ұсынысты қолдап, орталықтағы «Қазақстан» көшесін асфальттап, «Теміржол» көшесіне тас төсеп берді, – дейді ауыл әкімі Ербол Тақырбасов.
«Елде болса, ерніңе тиеді» демекші, «УАД» ЖШС Жаңақорған ауданында тіркелген ірі жол құрылысымен айналысатын зауыттың бірі. Серіктестік әлеуметтік бағдарламаларды дамыту бағытында Қызылорда қаласында көптеген мәселелер мен ұйымдарға қаржылай және материалдық көмек көрсетіп келеді. Материалдық-техникалық базаны ұлғайту бағытында бүкіл техникалық паркты жаңартып, жол жөндеу, жол құрылысы және мектеп, аурухана, тұрғын үй құрылысының сапалы бой көтерілуіне атсалысып келеді. Соның бір айқын дәлелі – «Сырдария-Қызылорда» бағытындағы кіреберіс қақпаның құрылысын жүргізді. Жалпы құны 120 млн теңге болатын қақпаға «УАД» серіктестігі демеушілік жасаған.
– Орталық көшені асфальттап берген «УАД» серіктестігінің басшысына ауыл атынан айтар алғысымыз зор. Күздің қара суығы мен жаңбырлы ауа райында қара батпақтан әбіржіп бітетін немерелеріміз енді жаңа оқу жылынан бастап мектепке тақтайдай түзу жолмен баратын болды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді дана қазақ. Өзі Қызылорда қаласының тұрғыны болса да, азаматтық танытып, ауылға қол жәрдемін көрсеткен Мұрат Үдербаевқа рахмет. Жаратқан кәсібіне берекесін берсін дегіміз келеді, – дейді Талап ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Абдреймов.
Иә, «ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» дейді Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан. Қашанда ұлт мұраты үшін аянбай қызмет етіп, елдік мінез бен туған жер, өсіп-өнген өлкесіне деген азаматтық ұстанымынан танбаған Мұрат Үдербаев секілді меценат ағалардың мұндай жақсылығы ел есінде ұмытылмайтыны айқын.

Самат ӘБДІШ
13 тамыз 2019 ж. 926 0