№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕҢБЕГІ ЕРЕН СӘУЛЕТШІ

ЕҢБЕГІ ЕРЕН СӘУЛЕТШІ


Соңғы жылдары уақыт талабына сай заманауи үлгіде салынған құрылыс кешендері ауданның айбынын арттырып, сымбатына сән қосуда. Құрыш қолды құрылысшылардың қолымен салынған сәнді де, жайлы құрылыс нысандары жұртшылықтың игілігіне айналуда. Әрі аймақ дәулетінің еселеп артуына тың серпін беруде. Осы орайда, ауқымы үлкен саланы серпінді дамытуға үлесін қосып келе жатқан білікті де іскер сәулетшілердің еңбегі ерек.
Біз бүгін кәсіби мереке қарсаңында аудан­дық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің  сектор меңгерушісі Зейнолла  Әшірбековпен тілдестік.
Ол Алматы темір жол институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша бітіріп, алғашқы еңбек жолын Қарағанды қаласындағы №33 құрылыс-монтаж поезының сапа бақылау инженері болып бастайды. 1981 жылы әскер қатарына шақырылып, Семей қаласында Отан алдындағы борышын өтейді. Туған өлкеге оралғаннан кейінкенттегі №4 жылжымалы механикалық коллоннада және күрделі жөндеу құрылыс мекемесінде өнірістік-техникалық инженері, 1989-1993 жылдары сәулет және жобалау бөлімінің ІІ-категориялыинженері және 1993-1996 жылдары Шалқияда «Мырғалымсай-свинецстрой» жылжымалы-механикалық коллоннада бөлім бастығы қызметін атқарады. Ауданда мәдени-әлеуметтік нысандарының салынуына өзіндік үлесін қосқан Зейнолла ағаның айтары көп.
– 2005-2017 жылы аудандық қала құрылыс және құрылыс бөлімі бастығы болып тағайындалғаннан бастап, талмай еңбектеніп келеміз. Ел Үкіметітұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін барлық жағдайды жасауда. Ендігі біздің мақсат сол жағдайдың іске асуын іс жүзінде жүргізу. Сондықтан мемлекет тарапынан қарастырылған қаншама бағдарламалар біздің ауданда іске асуда. Мәселен, соңғы жылдары кәсіпкерлер тарапынан пайдалануға берілген аудан орталығындағы «Ғани» және «Тиын-1», «Тиын-2», «Арон», «Заңғар-2», «Береке»  сауда орталығы осының дәлелі. Бұл аталған ғимараттардың сызбасы да, құрылысы да біздіңбөлім қызметкерлерінің бағыт-бағдарымен іске асқан дүние, – дейді Зейнолла Әшірбеков.
Маманның айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытында салынатын нысандарға басымды берілгендіктен салынып  жатқан нысандар әлі де баршылық. Мәселен,  Қорасан ата көшесі бойынан «Денешынықтыру сауықтыру»кешені, Қадыр Тағаев-Тәуелсіздік көшесі қиылысында дүкен, көлік жуу орталықтары ашылатын болады.
Аудан бойынша салынған ғимараттардың құрылысын жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнерін бір бойында қалыптастыра білген Зейнолла Әбіласанұлының сәулет саласында өзіндік қолтаңбасы бар. Бала кезіндегі арманы орындалып, осы күнге дейін тек бір ғана сала бағытында жұмыс атқарып келе жатқан ол өзінен кейін келген жас мамандармен тәжірибесін бөлісіп келеді.
Иә, сәулет өнері — кез келген мемлекеттің өте маңызды қызмет саласы. Бұл сала халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп айтуға болады. Сапалы тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, дамыған транспорттық сызбалар қала мен ауылдар жағдайының жақсы жағынан өзгеруіне септігін тигізеді. Тек қана экономикалық дамыған, саяси мықты мемлекет қана өзіне мұндай мүмкіндік бере алады. Әрбір Қазақстан азаматы өз айналасына сүйіспеншілікпен қарауы қажет. Өзі тұрған қала, ауыл, үйінің жайнап тұруына атсалысуы керек. Ал біз кәсіби сәулет өнерін дамытуға тиіспіз. Бұл бағытта Зейнолла Әшірбеков секілді майталман мамандардың елге берер ағалық кеңесі айрықша.                                                                 
 
Лаура БИБАСАРОВА
12 тамыз 2019 ж. 980 0