№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ақ халатты абзал жан!

Ақ халатты абзал жан!

        
      
Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан және өзіне ғана тән бір жақсы дәстүрі бар.
Ол – қадірлеуге лайық, өмірін еңбекпен өрнектеген үлкендерді өнеге ету және оларды өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету. Осындай құрметке лайық ақ халатты абзал жан Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында еңбек ететін Есетов Ғалым Байзақұлын атауға болады. Ғалым Байзақұлы өзінің дәрігерлік жолын 1985 жылы Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында жолдамамен келіп хирургия бөліміне хирург-травматолог мамандығы бойынша жұмысқа орналасыпты. Қазіргі кезде Ғалым Байзақұлының аудандық-хирургия бөлімінде қызмет еткеніне 35-36 жылдың көлемі болыпты. 1963 жылы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүние есігін ашқан Ғалым Есетов 1980 жылы Ақтөбе мемлекеттік Ақтөбе медицина институтына түсіп, 1985-жылы бітіріп шығады. Еңбек жолын Жаңақорған аудандық ауруханасында хирург болып бастайды. Дәрігердің түпкі арман-мақсаты хирург-травматолог мамандығын игеру еді. Ақыры орайы келіп, аудандық орталық ауруханаға армандаған мамандығы бойынша орналасты.
Сөйтіп мазасыз еңбек жолы басталды. Ғалым Байзақұлының талапшылдығы, жұмыскерлігі, жанкештілігі өте жоғары екен. Ол кісі ешқашан бүгінгі күнің жұмысын ертеңге қалдырмайтын осыны қарамағындағылардан да талап ететін дәрігер екен.
Жоғарғы біліктілігі, дер кезінде шапшаң шешім қабылдау қабілеттілігінің арқасында талай ауыр жағдайда келгендер өлім аузынан қалып, қайта өмір есігін ашқаны шындық. Медицина атасы Ибн Синаның мына төмендегі сөздері еске түседі: дәрігерде қыранның қырағылығы аурудың нәзік саусағы, жыланның даналығы, арыстанның жүрегіндей қасиеттер болу керек екенін осы қасиетті Е.Б.Ғалымның бойынан байқадық. Жақында жедел-жәрдеммен жеткізілген Димаш атты баланы қабылдаған кезінде байқадық. Димаштың қанының төмендігі, ішкі ағзада асқазанға қан толып кеткені, үлкен дәретінде қан болғанын тез арада қабылдап шара қолданып, баланы өлім аузынан алып қалғанына куә болдық. Сол сияқты автокөліктің бір біріне соқтығысуынан аяқ қолы сынған, басынан соққы алған ауыр жағдай да келгендерге дер кезінде ота жасай отырып аяғына тұрғызғандарына куә  болдық. Жоғарғы категориялық дәрігер Ғалымның көптеген жас мамандарға өзінің білгенін үйретіп жүргенінде білеміз. Ол кісінің тәрбиелеген шәкірттері әр өңірде қызмет етуде. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, күн мен түнді алмастыра еңбек еткен арпалыспен өткен қиын уақыттарының көбі ерлікпен пара-пар десе де болар еді. Кейде үй қарасын көрмей уақытын аурухана қабырғасында өткізгені өтірік емес, бұл жағдайға өзім куә болдым. Ақ халатты абзал жан Ғалым Есетовтің еңбегі ескерусіз қалмапты. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек саласының үздігі» деген марапаттарға ие екен. Қытайдың ұлі ойшылыКонфуций «Азаматқа шапағат жасау – мейірімділік пен батырлықтың шыңы» деген екен. Осы философиялық тұжырым өз ісіне шынайы берілген төзім мен қайрат, мейірімділікті қатар ұстаған менің кейіпкерім Е.Б.Ғалымға арналып айиылған сияқты сөз соңында Ғалымға халық үшін еңбек ете бер дегіміз келеді.
Қайбулла Рүстемов, Жаңақорған кенті.
09 тамыз 2019 ж. 1 095 0