№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТА ЖАСАҒАН ХИРУРГ

10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТА ЖАСАҒАН ХИРУРГ


Медицина саласына өмірінің 45 жыл уақытын арнаған Сұлтанбек Әлқожаев еңбек жолын қарапайым дәрігер-хирург болып бастаған. Қиналып алдына келген науқастардың көңілін аулап, қажетті хирургиялық көмек беруге әркез дайын тұрды. Күн демей, түн демей, ауруханадан табылып, 2-3 күнге дейін үй бетін көрмеген кездерді бүгінде 75 жасқа толған ақсақал тебіреніспен еске алады. Ел үшін еңбектенгенін абырой санайтын Сұлтанбек қариямен сұхбаттасу барысында біраз еңбек жолына қанықтық.

Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін тәмамдаған жас маманға оқу орнының басшылығы институт қабырғасында қалуын өтініп, қызмет ұсынған. Алайда туған өлкесінде білікті дәрігерлер жетіспейтінін қаперге алған жас маман ауылға оралады. Осылай «туған жерге туыңды тік» деген аталы сөзді ұстанған Сұлтанбек Әлқожаев дертіне шипа іздеген ағайынның қасынан табылады. Уақытпен санаспай ауырған, сырқаған жандарға дәрігерлік қызметін көрсетеді. Иә, кіндік қаны тамған жеріне, туған еліне қызмет ету – кез келген жанның перзенттік парызы. Әркімнің жүрегінде берік ұстанған серті болады. «Гиппократ антын» өзінің өмірлік ұстанымы ретінде қабылдап, мемлекеттің басты байлығы саналатын ұлт саулығының сақшысы бола білу үлкен жауапкершілік. Міне, осы жауапкершілікті сенімді атқарған Сұлтанбек Башарұлы алғашқы еңбек жолын аудандық орталық ауруханада дәрігер-хирург ретінде бастайды. Кейін хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін 36 жыл абыройлы атқарады.
– Өздеріңізге белгілі ол уақытта бүгінгідей реанимация бөлімі деген болмады. Хирургия бөліміне көбіне ауыр жағдайдағы науқастар түседі. Яғни, шұғыл емдеуді не ота жасауды қажет ететін сырқаттармен күнделікті бетпе-бет жүздесеміз. Одан қалса, шалғай ауылдарға шығып, науқастарды сол жақтан алып келеміз. Жасыратыны жоқ, мұндай қиыншылықтарға шыдамаған біраз жігіттер қалалық ауруханаға ауысып кетті. Өйткені, қалада жұмысқа уақытылы барып, уақытылы қайтады. Ал, біздер үйге 2-3 күндеп қонбаған кездер көп болды. Кейде бала-шағаңнан гөрі, өзің ота жасаған науқастың сауығып кетуіне тілекші болып, түнімен ұйықтамайтын кездер өтті, – дейді Сұлтанбек ақсақал өткен күндерді еске алып.
Иә, 1997 жылға дейін орталық ауруханада реанимация бөлімі және ультра дыбыстық зерттеу аппараты сынды өзге де заманауи құрал-жабдықтар болмағандықтан науқас диагнозын анықтауда дәрігердің біліктілігіне үміт артқан. Рентген қорытындысына қарап, ем-дом шараларын жасады. Науқасты қабылдап, тексеріп, анестезия, операция жасау тіпті оңалту бағдарламасына дейін жауапты болды. Міне, осындай қиындықтарға қайыспай, қырық бес жылдық еңбек өтілінде жоғары санатты хирург Сұлтанбек Әлқожаев он мыңнан аса ота жасап, науқастардың қатарға қосылуына себепкер болған. Заманында Нұрілда Талипов, Жалғасбек Калкузов, Егенберді Әмитов сынды дәрігерлермен қызметтес болған хирургтың тәрбиелеген шәкірттері де жоқ емес. Ізінен ерген әріптес шәкірттері Ғалым Есетов, Сәулебек Искаков, Тәңірберген Әмитов, Молдахмет Искаков, хируруг ағасы Сұлтанбекты тәлімгер ретінде құрметтеп, қызметтес болған кезеңін мақтаныш санайды.
Сондай-ақ, Сұлтанбек Башарұлы жоғары санатты хирургтен бөлек, қосымша 16 жыл бойы аудандық ішкі істер бөлімінде сот медициналық сараптамашы қызметін де қоса атқарады. Тәртіп сақшыларымен бірге талай деректерді анықтап, денсаулық саласымен қатар, құқық қорғау органдарың жұмысында өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
Ұзақ жылдарғы ұлт саулығы жолындағы елеулі еңбегі еленген Сұлтанбек қария ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі мен «Астанаға-10 жыл» мерейтойлық төсбелгісіне лайықты деп танылған. Одан бөлек, облыстық, аудандық денсаулық сақтау ұйымдарының көптеген «Құрмет», «Алғыс» хатына ие болған. Мұның бәрі ел үшін еткен еңбекке берілген баға.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші, отбасында жары Күнімай Есхожақызы екеуі 4 ұл, 2 қызды тәрбиелеп, өсірді. Бүгінде олар сан салада абыройлы қызмет етіп жүр. Сұлтанбек қария сөз арасында 4 баласы ғылым жолын қуып, ғалым атанғанын тілге тиек етті. Үлкен ұлы әке жолын қуып, бүгінде медицина ғылымдарының кандидаты екен.
Түйіндей айтқанда, жарты ғасырға жуық науқастың жан әлеміне үңіліп, өткір қандауырдың жүзіндегі суықтықты сездірмей, жылы сөзі мен жанашырлығын аямаған Сұлтанбек Әлқожаев сынды «алтын қолды» дәрігердің еңбегі өскелең ұрпаққа өнеге. Өмірден көрген-түйгені мол, еңбегінен берекет тапқан осындай ақсақалдардың арамызда жүргені қандай ғанибет.

Әбдісамат ӘБДІШ.

05 ақпан 2019 ж. 2 665 4

Greg от 18 ақпан 2019 08:29
Its such as you learn my mind! You seem to grasp a lot about this, like you wrote the guide in it or something. I believe that you can do with a few p.c. to power the message house a bit, however instead of that, that is magnificent blog. A fantastic read. I'll certainly be back. viagra for women

Morris от 21 ақпан 2019 18:47
Thanks to my father who stated to me about this website, this weblog is genuinely awesome. viagra without a doctor prescription

Гость Jeahulalf от 23 ақпан 2019 02:19
Acheter Cialis Pharmacie En Ligne Xenical No Prior Prescription buy viagra online Viagra Quanto Costa In Italia

Гость Jeahulalf от 12 наурыз 2019 07:17
Cvs Online Pharmacy Tadacip Priligy In Italia Cialis Vendita Generico cialis no prescription Direct isotretinoin website no doctors consult pharmacy Drug Side Effects Keflex Propecia Oferta Farmacia