№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар жайы терең талқыланды

Жастар жайы терең талқыланды



Жуырда аудан әкімдігінде Жастар ісі жөніндегі VII кеңес отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков модераторлық еткен кеңестің күн тәртібінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мәселесі көтеріліп, Қыраш, Байкенже, Манап ауылдық округ әкімдіктерінің  жастар ісі жөніндегі есебі тыңдалды.
Күн тәртібінен бірінші болып орын алған өзекті мәселе – жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу. Бұл жөнінде «Жастар денсаулық орталығының» аудандық бөлімшесінің директоры Ербол Бакиров баяндады.
– Жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алып, салауатты өмірге бейімдеу бағытында 2019 жылдың 6 айында 19 акция, 121 семинар-тренинг, 12 дөңгелек үстел өткізілді. Жалпы 152 іс-шара атқарылып, 10 916 адам қамтылып, 11 569  ақпараттық танымдық материалдар таратылды. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрақты шаралар өткізілуде, – деді бөлімше жетекшісі.
Мұнан кейін мінберге көтерілген Қыраш ауылдық округінің әкімі Сәруар Бимбетов ауыл жастарының тынысына тоқталды. Атқарылып жатқан жұмысын баяндады. Әкімнің сөзінен белгілі болғандай, елді мекенде 256 жас тіркелген. Оның – 254-і студент. Ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдаланып «Қазақстан – Ұлы дала елі», «Дені сау ұлт – бәсекеге қабілетті», «Ауылдың жігерлі жастары» секілді мәдени-патриоттық іс-шарасын ұйымдастырған.
Одан әрі Байкенже ауылдық округінің  әкімі Нұрғали Оспанов ауыл жастарын жұмыспен қамту бағытынатоқталды.
– Қазіргі таңда «Қызылқұм» ЖШС, «Байкен-U» компаниясына әлеуметтікқамтылған отбасы мүшелерінің құжатын тапсырудамыз. Оған қоса, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 5 адам несие алса, оның екеуі жастар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алаш қайраткері Серіқұл Алдабергеновті еске алуға арналған шара мен қазақ волейболының атасы Октябрь Жарылқаповты ұлықтау мақсатындағы аудандық турнирге ауыл жастары жұмылдырылды. Арыс қаласында болған төтенше жағдай кезінде де ауыл жастары ұйымшылдық танытты, – деді ауыл әкімі.
Ал Манап ауылдық округінің әкімі Ербол Әлменов руханият танымын арттыру бағытында  «Иманға кел, бауырым», «Жігітке жеті өнер де аз», «Езуге күлкі үйрілген», «Имандылық жарасады ұл – қызға», «Өнер алды қызыл тіл» сынды шара ұйымдастырылғанын жеткізді. Сондай-ақ ауыл жастарының кәсіпкерлік саласына да ынтасы жоғары екенін тілге тиек етті.
Кеңесті түйіндеген Ғалымжан Жарқынбекұлы аудан бойынша жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бағытында әлі де болса жұмысты күшейту керектігін тапсырды. Әсіресе тәуекел топтағы балалармен жұмысты жүйелі жүргізуді жүктеді.    
                             
                                                                                                          Ханзада ДОШАН
04 тамыз 2019 ж. 780 0