» » ЖАСТАР КЕҢЕСІ

ЖАСТАР КЕҢЕСІ

Аудан әкімінің жылдық жоспарына сәйкес, әкімдіктің мәжіліс залында жастар ісі жөніндегі кеңестің І отырысы өткізілді. 
Кеңес отырысына облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Мықбасов Нұркен Ғабитұлы қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды: Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы6 жас кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ниет білдірген жастарға түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы гранттар, жеңілдіктер алуда көрсетіліп отырған қолдаулары жайлы мәселе қаралды.
Сондай-ақ, 2017 жылы ауыл жастары мен бірлесіп атқарған жұмыстар мен 2018 жылы жоспарланған қоғамдық саяси маңызы бар шаралардың атқарылуы жайлы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Әкімбек Мұратбекұлы мен Шалқия кенті, Аққорған, ауылдық округ әкімдері хабарлама жасады. Аудандық ауруханның бас дәрігері Сәулебек Есхожаұлы суицидтің алдын алу бағытында осы жыл басынан бері 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 14 бала «тәуекел тобына» алынса, 18 жастан жоғары 20 адам «тәуекел тобына» алынып отыр осы тәуекел тобына алынған жастар мен жасөспірімдермен бірігіп жұмыс жасау қажеттігін айтты.
13 сәуір 2018 ж. 1 283 0