№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » СУИЦИД: ҚЫЛМЫС ПЕН КЕСЕЛ

СУИЦИД: ҚЫЛМЫС ПЕН КЕСЕЛ


Алақандай ауданда сегіз айдың ішінде 12 тұрғын өз-өзіне қол салып, өмірден баз кешкен. Оған не себеп? Суицидпен қалай күресеміз? Суицид кылмыс па, әлде кесел ме? Осы сұрақтар төңірегінде аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі ІІ және ІІІ кеңес отырысында жауапты мамандар арасында талқыланды.
Суицидтің салдарынан қайтыс болған жандардың 6-ы жастар және жасөспірімдер. Ал, тең жартысы ересектер екен. Егде жасқа жетіп, ақыл толысқан шақта өмірінен қош айтысқан жандардың көбінде жоғары білім, тұрақты қызмет, отбасы және бала-шағасы бар. Төрт құбыласы түгел, он екі мүшесі аман жанның мұндай сырқатқа шалдыққанына сенгің де келмес. Осындай жағдайын ескергенде, суицидальді мінезі бар адамды анықтау қиын секілді.
Аудандық емханада және жастар денсаулығы орталығы құрылымдық бөлімшесінде 5 психолог және 20 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Кеңес отырысында жастар денсаулығы орталығы құрылымдық бөлімшесінің директоры Ербол Бакиров:
– Ауданда сегіз айда 12 аяқталған, 6 аяқталмаған суицид оқиғасы орын алды. Аяқталмаған оқиғаның екеуі жасөспірім. Ажалға оқталған 4 ересектің әрекеті тіркелді. Осындай ауыр кеселге шалдыққан жандармен психолог мамандары тиісті жұмыстарын жасауда, – деді директор.
Әйелдер арасында жүктілік кезеңінде депрессияға ұшыраудың аяғы осындай жағдайға әкеледі екен. Аудандағы туу жасындағы 1758 анаға психологиялық анализ жасалған. Оның 35-і айқын депрессияға шалдыққандар. Сондықтан, жүкті әйелдер мен емізулі аналардың психологиясында әлсіздік байқалады.
ЮНЕСЕФ жобасы бойынша алынған сауалнама қортындысы 37 бала «тәуекел тобына» жататынын анықтаған. Олармен мектеп психологтары, сынып жетекшілері және тәрбие меңгерушілері тұрақты жұмыс жасауда.
Суицидальді мінез-құлықтың алдын алу мақсатында мектеп жасындағы жастармен 26 акция, 106 семинар-тренинг және 24 дөңгелек үстел өткен. Осы шараға 7800 адам қатысып, 23 000 ақпараттық-танымдық материалдар үлестірілген.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 287 1

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 15:37
Buy Online Tadalis Sx Cialis On Line Espana levitra 10mg Acticin Scabies