№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ЖІГЕРЛІ ЖАСТАРДАН КҮТЕРІМІЗ КӨП

ЖІГЕРЛІ ЖАСТАРДАН КҮТЕРІМІЗ КӨП

 Жақында Жаңақорған кенті, Келінтөбе, Шалқия, Төменарық, Бесарық және Аққорған ауылдық округінде «Өмір – бізге берілген сый"» атты тақырыпта аудан жастарымен кездесу өтті.

Жаңақорған ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ дирек­торы Әкімбек Әлібек кездесуге модераторлық етті. Жалпы, кездесудің негізгі мақсаты – суицидтің алдын алу үшін 14-17 жас және 18-30 жас ара­лығындағы жастармен кездесу, еркін пікір алмасу болатын. Жастар жиынына аудандық білім бөлімінің әдіскері Ләйла Беркімбай, облыстық жастар денсаулық орталығының аудандық бөлім басшысы Ербол Бакиров, «Рухани жаңару» ҚҚ-ның үйлестірушісі Нұрбек Ахметов қатысып, хабарлама жасады.
Бірінші кезекте, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ләйла Бауыржанқызы сөз алып, жалпы тақырыпға байла­нысты баяндама жасады. Мұнан кейін тақырыпқа байланысты ролик көр­сетіліп, қазір жастар арасында болып жатқан жұмыстар барысы жай­лы облыстық жастар денсаулық орталығының аудандық бөлім басшысы Ербол Бакиров тұшымды әңгіме тиегін тарқатты.
– Суицид індетінің біз ойлағаннан да терең салдары бар. Бұл тек қана бір адамның жарық дүниемен қоштасуы емес – қоғам үшін де орны толмас әлеуметтік, экономикалық жоғалту. Жүргізілген зерттеулер бір аяқталған суицидтің 10 мен 20 жасөспірімнің суицидтік мінез-құлқына, 100 ден 200 жасөспірімнің суицидтік санаға келуіне алып келетіндігін айғақтайды. Психологиялық қалыптаспаған, кәме­леттік жасқа толмаған балаға оның замандасы не танысы өз-өзіне қол жұмсаған тұста «мүмкін емес» нәрсе «мүмкіндей» көрінеді. Сондықтан, қан­дай жағдай болмасын әр нәрсенің парқына жетіп, пайыммен қарау керек. Семинардың да мәні осында, – деді Ербол Бакиров.
Басқосу соңында мұндай жиындар мен кездесулер алдағы уақытта да тұрақты ұйымдастырылатын болып шешілді.

Ерлан РАЙЫМБЕК.
04 мамыр 2019 ж. 1 256 0