№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » НИЕТКЕ ҚОЗҒАУ САЛУ ҚОЛҰШЫНАН ДА ҚАЙЫРЛЫ

НИЕТКЕ ҚОЗҒАУ САЛУ ҚОЛҰШЫНАН ДА ҚАЙЫРЛЫ

Ізгілікті қоғам құру жолында қалыптасқан қағидаларынан айнымай ел жүрегінен орын алған халықшыл партия – «Nur Otan»-ның есігі қашандағыдай қарапайым халықтың арқа сүйеп, емін-еркін енетін, ертеңгі күніне бағдаршам іспетті қызметінен танған емес. Сейсенбі күні «Nur Otan»-ның аудандық филиалы ғимаратында «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Әбдікаримов, облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ысқақ және аудандық мәслихат депутаттары мен сала басшылары қатысуымен өткен қоғамдық қабылдауға келгендердің қатары да көп болды.
Әрине, кім болсын жетекші партияға үміт артып, үлкен сенім артып келетіні ақиқат. Әйтсе де қарапайым тіршілікте әрбір тұлғаның өз күш-жігеріне иек артып, белгілі мақсатты бағындырғаны маңызды. Қабылдау барысында осы ойымыз одан әрі бекемделе түсті.
Қабылдауға Бірлік ауылынан келген жалғыз­басты ана Бейсенбаева Ұлбосын екі баласымен тұратынын, баспанасы құлап қалу қаупінде, оны жөңдеуге шамасы жетпейтінін, қоғамнан көмек күтетінін жеткізді. Осы орайда бірліктік ағайындардың көз алдарындағы кембағал бауырларына ел болып біріксе бір нәтиже шығаруға болатынын ойлағанда қамкөңілді қуантып, есе-есе сауап алуда ел тізгінін ұстаған азаматтардың енжарлығы қынжылтты. Нақ осы бірліктік мұқтаж жандарға баспана салып берген жаңақорғандық жастардың жақсылығы көпке үлгі емес пе? Жаңарық ауылынан келген Әбсадықова Бақтыгүл дипломды мұғалім қызының ауылдағы мектепке қызметке орналасуына ықпал етуді сұраса, Жаңақорған кентінен жалғызбасты ана Балтабаева Ақжібек жұмысқа орналасу бойынша және оқушы қызына көмек сұрады. Бұл екі азаматшаның өтініші бойынша қабылдауға арнайы келген аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Оспанов Мейірхан жағдайды қадағалауда ұстайтынын айтты.
Жаңақорған кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Маметқали Нұртазаев қарауындағы 7,5 гектар алма бауы үшін үкіметтен субсидия бөлу жөнінде ұсыныс-тілегін жеткізуге келіпті. Бұл бойынша кент әкімі міндетін атқарушы міндетін атқарушы Жарас Мырзалиев түсініктеме берді.
Кейдендік Қыдырәлі Өмірбеков деген азаматтың талабы естір құлаққа ерсілеу көрінгенін де айтуға тиіспіз. Үйі ескіріп, жаңадан там соғып жатыр екен, іргетасын құйып қойыпты. Енді осы құрылысқа кесек қажет болып тұр.
– Қанша?
– 25 мың.
– Ол қанша теңге тұрады?
– 500 мың.
– Мұны кім беруі тиіс? Топырақ бар, су бар, өзің тер төгіп, қарекет етпесең, кім тегін мұны істеп береді? «Онда төбесін жабатын шифер беріңіздер». «Ол да жоқ па?». «Ең болмаса топырағын түсіртіп беруге де шамаларыңыз келмей ме?»
Бұл кешегі күнгі үкіметке иек артып үйренген ниет-пыйғылдың көрінісі ме, бұдан қашан арыламыз?
Келесі кезекте аудан орталығындағы «Алпамыс» санаторлық бөбекжай меңгерушісі Динаш Ахметова балалар мекенінің күрделі жөндеуді қажет ететінін, қыстыгүні екінші қабаттың дұрыс жылымайтыны, асханада газ пештері тозығы жеткенін, теледидар жоқтығын айтып, бұдан бөлек отызға жуық осында орналасуға тиіс бөбекті арнайы тасымал жоқтықтан қолда бар жағдаймен қамту мүмкіндігінен айрылып отырғанымызды, бұл үшін бөбекжайға арнайы көлік қажеттігі, сол сияқты емдеу кабинетіне дәрігер-маманға штат бөлу мәселесі тұрғысында құзырлы орындарға үздіксіз өтініш айтумен келе жатқанын жеткізді. Бұл жөнінде облыстық мәслихат депутаты жағдайды өз көзімен көріп, тиісті орындар алдына мәселе етіп қоюға уәдесін берді.
Қабылдауға келген мұғалімдік мамандығы бар қожакенттік Гүлнұр Ақшабақова, тігіншілік өнері бар Зәмира Оңғарбаеваға «Бастау-бизнес» жобасы бойынша арнайы оқуға, қайтарымсыз несие алып, кәсібін бастауға кеңес берілді. Бұл көмек 29 жасқа дейінгі азаматтарға – 500 мың, одан жоғары жастағыларға 250 мың теңгені құрайды. Бұл іс бастап, кәсібімді жолға қоямын деген азаматтарға көп демеу. Бұл бағытта аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Жаңабек Тұрлыбеков тұрақты қамқорлыққа алатынын айтты. Ал қабылдауға келген кей азаматтардың «қоғамдық жұмыспен қамтылып едім, кейін сызып тастапты, мен қатарлы базарда тұрғандар жұмысқа бармаса да айлығын алып жүр» деген уәждері бұл тұрғыда әлі де талапты қатаңдатуды қажет етеді. Қоғамдық қызметке тартуда айналысатын кәсібі жоқ, басқа кіріс кірмейтін жұмыс қолына мүдделілікке мін түспеуі тиіс. Күнкөрісін қамтамасыз ететін кәсіп-көздіктің қадірін бағалайтын мұндай тұлғалар сапалы еңбек етіп, жұмысына сын келтірмесі ақиқат. Бұл да бүгінгі ойға түйіп қалған мәселе болды.
Қабылдауға келіп, жағдайымды айтып, жәрдем алуға тиіспін деп санайтын азаматтарымыз одан бұрын күнкөрісімді көтерудің жолдары қандай? Ол үшін не істеп, неден бастауым керек? деген міндет тұрғысында қоғамның мүмкіндіктеріне сай амал еткені жөн. Қабылдауды жүргізген партияның сенімді өкілдері осыны негізге алды. Болмашы көмекпен көңіл жұбатып, қоғамды масылдыққа бейімдеу кешегі кезеңмен бірге келмеске кетті. Басқа түскен сын-қатерді батылдықпен жеңіп, болашаққа сеніммен аттау жолы – адал еңбекте. Осы жерде мына тәмсілді келтіру артық емес. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (С.А.У) бір кісі үнемі келіп, қайыр көмегін алып тұрады екен. Келесі келгенде қолына қаржы ұстатып: «Мынаған базардан арқан мен балта сатып ал да бүгіннен бастап отын сатумен айналыс» – дейді.
Екі күн сайын келетін де тұратын әлгі кісі екі жеті көрінбейді. Барып, жағдайын көрсе, жағдайы оңалған, жүзінде шырай байқалады. Күнделікті кәсібінің табысын көре бастағанын байқайды. Өйткені, әркімге өз кәсібінің берекетіне қауышудың ләззаты бөлек. Оның орнын ешқандай қайыр көмек толтыра алмайды. Осы мазмұнды жаңғырту үшін алдымен өз өмірі өнегеге құрылған тұлғаның ақыл-кеңесі өтімді боларының бір дәлеліне де осы күні анық көз жеткізе түскендейміз.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
03 тамыз 2019 ж. 714 0