№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР – БАСТЫ КҮШ

БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР – БАСТЫ КҮШ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес бастауыш партия мүшелерімен кездесті. Бас партия белсенділерінің басын қосқан жиында аудан әкімі Ғалым Әміреев модераторлық етті.

Партияның бастауыш ұйым­дары – басты күш, қозғаушы тетік. Яғни, Партияның халықшыл бағ­дар­ламаларын сапалы жүзеге асыру бастауыш ұйым мүшелерінің белсенділігіне тәуелді. Осыны ескерген Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменімен былтыр бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өткізіліп, онда партия жұмысын жан-жақты жандандыру мәселелері талқыланды. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, партия беделін арттыру бағытында жұмыстар жүйеленді. Облыс орталығынан келген партия өкілі Ержан Байтілес жұмысты жандандыратын бастамалар жөнінде тоқталды.
– Өмірдің өзі өзгерісті талап етуде. Сол секілді партияның жұмысын да заманауи жаңарған жүйемен атқару маңызды. Бұл – біздің міндетіміз. Бастауыш партия ұйымдарының мүшелері – елмен етене араласушы күш болса, бастауыш партия төрағалары – елдің ішіндегі қоғамдық пікірдің көш басшылары. Бұл дегеніміз, әрбір партия мүшесінің артында үлкен ұжым, қоғамды қозғаушы күш тұр деген сөз. Сондықтан осындай ортада партия жұмысын жандандыру үшін әуелі өзіміз жаңаруға бет бұрғанымыз жөн. Ал, жаңашылдық ақпараттық технологияның арқасында жүзеге аспақ. Біз партияның облыстық филиалы тарапынан арнайы кабинеттер жасақтап, интернет, компьютер құрылғыларымен қамтамасыз етуге ықпал етеміз. Сондай-ақ ауыл аймақтағы бастауыш партия ұйымдарында арнайы стендтер жасақталып, брендбуктар орналастырылады. Бұл – партиялықтардың атқарған жұмыстарын насихаттауға жол ашпақ, – деді Ержан Айтөреұлы.
Келесі кезекте сөз алған аудан басшысы Ғалым Махмұтбайұлы қоғамдағы кереғар пікірлердің көбейгенін, халық пен биліктің арасына іріткі салушылардың жүргенін айтты. Пиғылы арандатушы адамдармен жеке-жеке жұмыс жасауды бастауыш партия белсенділері басшылыққа алу қажеттігін тапсырды. Мұндай мәселелерге азаматтық үн қосқан ел ағасы, саяси кеңестің мүшесі Серік Мұсабай:
– Халықтың партия жұмысына оң көзқарасын қалыптастырудың негізгі жолы партия жұмысы билікке емес, халыққа бағытталуы тиіс. Nur Otan – халықтың партиясы, ел мүддесі үшін қызмет етуші бірден-бір ұйым екенін көрсете білуіміз тиіс. Олай болса, нұротандықтар халықшыл реформаларға белсенді араласуы тиіс. Ал, бастауыш партия ұйымының жетекшілері жоспарлы жұмыстарға мән бергені қажет, – деді.
Одан кейін белсенді партия мүшелерін марапаттаумен жалғасты. Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Ақмарал Әлназарованың «Алғыс хатымен» аудандық мәслихат депутаты, Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Сермұхамед Оразгелдиев, Бесарық ауылдық округінің әкімі Әлібек Абдуллаев, қоғам белсендісі Серік Мұсабай, аудан әкімінің әйелдер ісі және отбасы демографиясы жөніндегі кеңесшісі Әзия Қыстаубаева, аудандық мәслихат депутаты, мұрағат және құжаттама бөлімінің басшысы Зағипа Әбжәлелова, «Жаңақорған тынысы» газетінің ардагер тілшісі Ерубай Қалдыбек марапатталды.

P.S.: Партия жұмысын жаңғыртуда бастауыш партия ұйымдарының тиімділігін арттыру маңызды. Бұл бағытта Қызылорда облысында партия саясаты мен оның стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда жүйелілік бар. Алқалы жиында осыны түйдік.

Ханзада ДОШАН
07 шілде 2019 ж. 950 0