№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС ДИАЛОГ АЛАҢЫНА АЙНАЛАДЫ

ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС ДИАЛОГ АЛАҢЫНА АЙНАЛАДЫ


Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатта Ата заңның 44-бабы, 20-тармақшасына сай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылсын делінген. Жарлыққа сәйкес 1 ай ішінде Президент әкімшілігі тиісті тараптармен кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі бойынша консультациялар өткізіп, кеңес туралы ережені енгізуі тиіс.


Ұлттық кеңес деген не? Оның мақсат-міндеті, бағыт-бағдары қандай? Осы сауалдарға кеңірек тоқталсақ.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (Ұлттық кеңес) ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналады. Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау. Ал басты міндеті – тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу. Екіншіден, жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау. Үшіншіден, жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету. Төртіншіден, өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Негізі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлықтау рәсімінен кейінгі ең алғашқы шешімінің бірі – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы идея айтқан болатын. Осылайша президент өз саясатындағы басты бағдар ретінде елмен етене диалог құруды басымдыққа алды. Оған қоса, Президент Ұлттық кеңесті құруда азаматтық қоғам өкілдерінің пікірін ескеруді маңызды деп есептейді. Шынында бұл бүгінгі қоғам үшін жарқын болашаққа бастайтын қадам. Себебі, билік пен бұқара арасында еркін диалог орнап, сенімділік пайда болса, әлеуметтің әлеуеті артары сөзсіз. Алдағы уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жариялылық, ашықтық ұстанымы аясында жұмыс жасап, халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналатынына сенім мол. Яғни жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіріп, халық пен билік арасын жақындастыра түсері айқын.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі атанған жерлесіміз, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Ұлттық кеңес жайлы: «Кеңестің құрылуын, оның қажеттілігін, бәрін түсініп отырмыз. Мен құжаттың ішіндегі тізімді қарап шықтым. Маған ұнап тұрғаны, әртүрлі саланың, әртүрлі саяси партияның өкілдері бар. Мен бұл жерде анда-санда, екі-үш айда бір рет тек ресми жиын есебінде емес, нақты әр кезде қоғамдағы ең өзекті проблемаларды көтеріп, соны шешуге тырысатын бір жақсы кеңес болады деп ойлаймын. Маған тағы бір ұнағаны, осы кеңестің жұмыс төңірегінде тек қана саяси мәселелер емес, әлеуметтік проблемалар, мемлекеттік бағдарламалар сарапталып, қаралады», – деді.
Иә, билік тұрақты болса, мемлекеттігіміз нығайып, елдің әл-ауқаты жақсарып, әлеуметтік жағдайы жақсарып, тұрмыс түзеледі. Ең бастысы, бірлігімізден береке, ынтымағымыздан ырыс кетпесін. Қоғамның тұтастығы қай кезде де ішкі татулық пен берекеден бастау алған. Сондықтан жаңадан құрылған Ұлттық кеңесте ел мүддесіне жұмыс істері сөзсіз.

Самат ОҢҒАР
20 шілде 2019 ж. 960 0