№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қоғамдық кеңес құрамы жаңарды

Қоғамдық кеңес құрамы жаңарды

  Жаңақорған аудандық мәслихатының 325 шешімімен қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілген болатын. Осыған байланысты жұма күні аудан әкімі мәжіліс залында Кеңес мүшелерінің қатысуымен төраға ашық дауыспен сайланды.

   Жиын модераторы аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ильясов он төрт адамнан тұратын жаңа құрамды таныстырған соң оның төрағасын, төраға орын­басары және хатшысын тағайын­дау туралы ұсыныс айтты.
Кеңес төрағалығына бірауыз­дан бұған дейін әлеуметтік салада қызмет жасап келген тәжірибелі тұлға Ақылбек Жәні­беков сайланды. Ал оның орынбасары болып Серқожа Ыдырысов бекітілді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов хатшылыққа бекітілді.
Мемлекеттік билік пен халықтың арасын жақын­датып, өзара түсіністік пен ынтымақты ымыра қалып­тастыруда азаматтық қоғам институттарының атқаратын қызметі зор. Осы бағытта қоғамдық кеңес құрамына өзіндік көзқарастары қалыптас­қан, мығым принципті, ең бастысы көп мүддесі үшін жанашырлықпен жұмыс жасай білетін тұлғаларды тартуға әлеумет те аса ынталы. Осы жауапкершілікті жан жүрегінен өткізе білген азаматтарымызға алдағы уақытта аймақ тынысын жіті аңдап, ең өзекті деген мәселелерді талдап, талқылап, түйінін тарқату жұмысына жұмыла кірісуіне тура келеді. Бұл міндеттен бұқара да тыс қалмай, өздерін толғандырған жағдайлар туралы жиі хабарласып отыруға мүдделі болуы тиіс. Комиссия құрамы осы бағытта жылдық жоспар түзіп, жүйелі іске көшетін болады.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
03 сәуір 2019 ж. 973 0