Қызылордада 1400 бейнебақылау камерасы орнатылады
Қызылордада қауіпсіздік секторын цифрландыру шеңберінде 5 жоба жүзеге асырылады. Қазіргі таңда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығында 272 бейнебақылау камерасы және 8 жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін тіркейтін жүйе жұмыс істейді. Бұл туралы zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті 24kz сайтына сілтеме жасап.
2022 жылдың соңына дейін облыс орталығына 3 мың 200 камера орнатылады. Оның 1 мың 400-і келесі жылы іске қосылады. Сондай-ақ 31 жол қозғалысын қадағалау жүйесі қойылады. Бүгінде кейбір жарықтандырылмаған аулаларды түн мезгілінде бейнекамерамен бақылау қиындық туғызатыны белгілі. Мамандар жаңа қондырғылар арқылы бұл мәселе шешімін табатынын айтады.
Қызылорда облысы 112 біріңғай диспетчерлік қызметін іске асыру үшін пилоттық аймақ ретінде таңдалған.
«Күнделікті 8 бейнебақылаушымен жұмыс атқарады. Оларға күнделікті жүктемесі беріледі. Сол жүктемесі бойынша жұмыс атқарылады. Ағымдағы жылдың 11 айында 69 қылмыс ашылып, 15 мың 975 құқықбұзушылық анықталды. Сол себепті қазіргі таңда қылмыстар азаюда», - дейді қалалық ПБ жедел басқару орталығының бастығы Талғат Лекеров.
Пікір 2