Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АРДАГЕРЛЕР – ЕЛ МЕРЕЙІ

АРДАГЕРЛЕР – ЕЛ МЕРЕЙІ


«Қарты бардың – жұрты бар». Бұл бағзыдан қалған баба сөзі. Қарияға құрмет көрсету қанға сіңген қасиет. Бүгінде ортамызда жүрген қазыналы қауымның бір кездері елі һәм келешек ұрпағы үшін жасаған игі ісі – өскелең ұрпаққа ғибрат. Ел дамуының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан қариялардың қазір де жұмысы қауырт. Қоғамдық істерге ұйытқы болып, өңірдің ынтымағы мен бірлігінің бекем болуына барын салуда. Көргені мен түйгенін, өмірі мен өнегесін өскелең ұрпаққа үлгі етуде. Осы орайда, аймақ ардагерлері мен зейнеткерлерінің басын біріктірген Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмысы айрықша.


Қазіргі таңда аудан бойынша 7195 зейнеткер бар. Оның үшеуі бесарықтық Нұрман Асанов, ақүйіктік Найманбай Құрбанов, сунақаталық Шәймерден Сүйіндіков Ұлы Отан соғысының ардагері. Майдангер ақсақалдарға қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді. Ұлы Жеңістің жыл сайынғы мерейтойлық мерекесі аясында мемлекет тарапынан майдангер ақсақалдарға материалдық және қаржылай қолдау көрсетіледі. Бюджеттен тыс қаржы көздері яғни, өңірде орналасқан өндіріс ошақтары мен кәсіпкерлер тарапынан сый-құрмет, қаржылай көмек көрсету жайы қолдау тапқан. Сондай-ақ мұның қатарында ауданда 470 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер тіркелген. Соғыс кезіндегі қиын-қыстау кезеңде ел еңсесін тіктеуде олардың атқарған еңбегі ерен. Мемлекет тарапынан оларға да бір реттік әлеуметтік көмектер көрсетіліп тұрады.
Сонымен қатар, өткен жылдан бастап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлесін қосқан ардагерлерге «Ауданның құрметті ардагері» атағын дайындап, 5 ардагер алды. Оған қоса, өткен жылы 2 ардагер облыс әкімінің «Құрмет грамотасын», үшеуі «Құттықтау хатына» ие болды. Бұлда болса, елге еткен еңбегінің еленгені деп білеміз.
Былтыр Бастауыш ұйымдардың басын қосып, алқалы басқосу өткізген болатынбыз. Мақсат – ардагерлердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға ықпал ету. Сәтін салса, ауылдық округтердегі ардагерлердің бастауыш ұйымдары төрағалары ауыл әкімдерімен бірлесе отырып, ұлттық құндылықты жандандыру бағытындағы жемісті жұмыстарды бастап кетті.
Қоғамдық жұмыстармен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында аудандық ардагерлер кеңесі орналасқан «Ордакент» үйінде бильярд, шахмат, үстел теннисі клубы бар. Зейнеткерлер бір мезгіл келіп, тынығып кетеді. Аталмыш спорт түрлерінен аудандық, облыстық, республикалық деңгейде танылып жүрген ардагер спортшыларымызда бар. Әсіресе, шахмат, үстел теннисінен облыста біздің ардагерлерге шақ келетін қария жоқ. Осындай қоғамдық, мәдени-спорттық шараларда белсене араласатын 25 ардагер өткен жылы облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Елор­даның 20 жылдығына орай «Нұр-Сұлтан» шаһарының бүгінгі тыныс-тіршігілігімен танысып, саяхаттап қайтты. Оған қоса, ардагерлердің жылт еткен жаңалықтарын 2018 жылдың шілде айынан бастап жарыққа шыға бастаған «Ардагерлер мерейі» аудандық газеті ақпараттандырып отырады. Қаламы қарымды қаламгер Алмас Бекжігітов редакторлық ететін ардагерлердің төл басылымы әр нөмірінде өңірде туып-өскен зиялы қауым мен тарихи тұлғалардың, еңбек адамдарының өмірін насихаттап, өскелең жастарға үлгі етіп келеді.
Бір сөзбен айтқанда, аудандық ардагерлер кеңесі қашанда қоғамдық істердің басынан көрініп, жас буынға ақыл-кеңесін аяған емес. Алдағы уақытта да өнегелі істердің төрінен табылып, қариялық қызметімізді атқара беретін боламыз.

Өмірсерік ТАҚЫРБАСОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
09 мамыр 2019 ж. 1 566 0