№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҮШ АДАМ СУҒА КЕТТІ

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҮШ АДАМ СУҒА КЕТТІ

Ағымдағы жылдың суға шомылу маусымында аудандағы су айдындарында 3 адамның қаза болу фактісі тіркелген. Бұл туралы әкімдікте өткен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясы отырысында белгілі болды. Аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков төрағалық еткен мәжілісте екі мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе жазғы суға түсу маусымында аудан аумағындағы су айдындарында қауіпсіздік шараларының сақталуы және тиісті мекемелердің судағы қауіпсіздік бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Б.Омаровтың АІІБ Жергілікті полиция қызметі бастығының уақытша міндетін атқарушы С.Кенжебековтың, «Жаңақорғансушар» өндірістік участогінің бас инженері Б. Халжанов хабарлама жасады. Баяндамашылардың сөзінен үгіт-насихат жұмыстары күнделікті жүргізіліп келе жатқаны белгілі болды. Десе де, насихат жұмысының көптігіне қарамастан ағымдағы жылдың суға шомылу маусымында 3 адамның қаза болу дерегі тіркеліпті. Оның ішінде, 1 қыз бала оқыс жағдайда, 1 адам балық аулау кезінде және 1 адам суға шомылу кезінде қаза болған.
Жалпы Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау гарнизоны қызметкерлері мен Жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, кент аумағындағы суға шомылуға қауіпті жерлерге күнделікті 16:00-ден 21:00-ге дейін рейдтер жүргізілуде екен. Қоғамдық рейд барысында 11 жеке тұлғаға «Ескерту» түрінде әкімшілік шара көрілген.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы К.Абишевтің хабарламасы тыңдалды.
Баяндамашылардың сөзінен кейін, комиссия төрағасы Адай Салыбеков аудан көлеміндегі су айдындарында қауіпсіздікті сақтауға байланысты су жағалауларына «Суға түсуге болмайды»! деген ескерту тақтайшаларын орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына Сырдария өзені бойындағы ескі понтонға баратын жолды және Сырдария өзенінің сол жағалауындағы көпірдің сол жақ бетіне  автокөлік өте алмайтындай етіп жолды  жабуға тапсырма берді. Әрі комиссия төрағасы кенеге қарсы дәрілеу жұмыстарын жүргізу барысында бақылау шараларын күшейтуді жүктеді.
Мәжілісті түйіндеген Адай Салыбеков «сақтансаң сақтайды» деген қағиданы санаға қалыптастырсақ, төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі арта түсетінін тағы бір қаперге салды.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
11 тамыз 2018 ж. 1 344 0