» » «ТОЛАҒАЙ» – БАЛАБАҚШАДА

«ТОЛАҒАЙ» – БАЛАБАҚШАДА


Ұлы ақын Абай атамыз: «Адамның бір қызығы – бала деген» –деп жырлағандай, дені сау бала – біздің басты байлығымыз. Ал, сау ұрпақ тәрбиелеуде спорттың алар орны да ерекше. Осы орайда жуырда Төменарық ауылында «Сен сұлу» балабақшасында «Толағай» спорттық сайысы өтті.


Бүгінгі ерке құлыншақтар келер күннің айнасы. Өйткені, ел тағдыры – дені сау жас ұрпақтың қолында. Денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстанған бүлдіршіндерді тәрбиелеу мақсатында «Сен Сұлу» балабақшасында «Толағай» спорттық сайысында 3 команда қатысып, өзара бақ сынады. Спорттық киім киіп, төсбелгі таққан топ мүшелері алдымен өздерін таныстырды. Одан әрі «Кенгуру», «Бәйге», «Секірмек», «Кім епті?», «Қашықтыққа секіру», «Жүйрік паровоз» сынды кезең бойынша жарыста бақтарын сынады. Бүлдіршіндер әр сайыста көңілді де тартысты ойын өрнегін көрсетіп ептілігімен, қырағылығымен көзге түсіп балалар мен ата-аналарды бір серпілтіп тастады. Бүлдіршіндердің еңбектерін таразылаған сарапшылар, ойын соңында әділ бағаларын беріп, спорттық тартыста қарсыластарынан суырылып алға шыққан «Болашақ» командасына ерекше қошемет көрсетті.
– Әрбір бала – бақытты болу үшін жаралған. Олардың болашағы жарқын болу үшін бір күн ғана назар аудару жеткіліксіз, ол үшін өмір бойы жұмыс істеген де артық болмас. Ендеше, әлемдегі барлық бала балалықтың бал дәмін сезінсін, барлық бала бақытты болсын деп тілейміз, – дейді балабақша құрылтайшысы Салиха Жәнібекова.

Лаура БИБАСАРОВА.
16 шілде 2019 ж. 1 951 0