№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Спорттық сайыс өтті

Спорттық сайыс өтті


«Ақбота» балабақшасында «Шынықсаң шымыр боласың» атты спорттық сайыс өтті. Шараға «Балапан» тобының бүлдіршіндері ат салысты. Сергіту жаттығуларын жасап, дене қыздырып алған балалар сайысқа кірісіп кетті. Денешынықтыру нұсқаушысы командаға пәрмен берген соң, әділ-қазылар алқасы таныстырылды. Қазылар төрайымы Бибігүл Нұртазаева мен мүшелері Айман Бегенова, Құндызай Әлімбетова сайыс ережесімен таныстырып, балаларға сәттілік тіледі.
Сайыстың алғашқы тапсырмасына сәйкес, балалар екі қатарға тұрып, еңбектеп әрі жалаушыны құлатпай кедергілерден өтті. Екіншісінде шарды себетке салудан жарысты. Үшінші тапсырмада тәрбиеші паровоз, балақайлар вагон рөлін ойнады. Төртіншіде асық жинаудан жарысты. Додада қай топ тәрбиеленушісі көбірек салса, сол жеңімпаз саналды. Ойын балаларға қызық өтті.
Фарида Оспанова.
17 сәуір 2018 ж. 2 180 0