№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Толағай» отбасылар сайысы мәреге жетті

«Толағай» отбасылар сайысы мәреге жетті

Жаңақорған спорт клубында аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық отбасы күні қарсаңында «Толағай» отбасылар сайысы өткізілді.


Шараның мақсаты – салауатты өмір салтына дағдыландырып, ата-анамен бала арасындағы бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, корпоративтік сайыс мәдениетін қалыптастыру. Оқу­шыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы мықты болу үшін салауатты өмір салтын дағдыға айналдыруға машықтандыру.
«Толағай» отбасылық сайысына бұған дейінгі іріктеу жарысынан сүрінбей өткен алты команда қатысты. Олардың арасында Қыркеңсе ауылдық «Нәйла» балабақшасының «Барыс тобы» да бар. Қалғандары Жаңақорған кентіндегі бүлдіршіндерді тәрбиелеу мекемелерінен қатысты. Сайыс шарты бойынша талапкер өздерін таныстырудан бастаған соң, спортқа бейім отбасыларының арасында «Эстафета», «Пингвин», «Кім жылдам?», «Сафари», «Кім көп секіреді?» атты ойын түрлерінен қызықты да көңілді жарыстар басталып кетті.
Жеребе тартқан командалар орындарын белгілеп алған соң, барынша тартысты өткен сайыста бақтарын сынады. Отбасылық сайыс алғаш рет ұйымдастырылып отырғандықтан ойын шарттары жарыс барысында түсіндірілді. Бұл өз кезегінде қатысушылардың жинақылығы мен ұғымталдығының да сыналатын тұсы еді.
Алты турдан кейін 83 балл жинаған «Нұрайқыдыр» балабақшасының «Сұң­қар» тобы топ жарды. Қыркеңсе ауы­лынан келген «Нәйла» балабақшасы да сайысқа құр қол келмепті. Бөбекжайдың «Барыс» отбасылық тобы 82 балмен екінші орынды алды.
«Ақәділ» балабақшасының осы аттас тобы үштікті қорытындылады. «Қыз Жібек» балабақшасының «Жас қыран» командасы «Жеңіске құштарлығы үшін», «Бағынұр» тобы «Көпшілік көзайы­мы», «Балбөбек» командасы «Ойын шеберлігі үшін» аталымына ие болып, бүлдіршіндерге түрлі сыйлықтар мен сый-сияпаттар үлестірілді.
– «Толағай» отбасылық байқауы ауда­нымызда алғаш рет ұйымдастырылып отырғандықтан залдың акустикалық жаңғыруынан және жүргізушінің ойын шарттарын қатысатын командаларға алдын ала жазбаша түсіндірмеуіне қатысты аздап кем-кетігі болды. Бірақ оны отбасылық командалардың белсенділігі жуып-шайып кетті. Негізінен, барлық командалардың арасындағы ұпай санынан айырмашылықтары көп емес. Алдағы уақытта осындай шараларды ұйымдастыру барысында олқылықтары ескеріліп, еліміздегі отбасыларына корпоративтік рух беретін бұқаралық шараларды көптеп ұйымдастырғанымыз жөн. Сонда, толағайларымыз көпшілік алдында шыңдалып әлі де талай шыңдарды бағындыратын болады»,–дейді әділқазылар алқасының төрайымы, музей қызметкері Құралай Дәрмен.

Иса Беркімбай.
22 мамыр 2019 ж. 1 542 0