№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЗУХРАНЫҢ ТІРЛІГІ ТҮЗУ

ЗУХРАНЫҢ ТІРЛІГІ ТҮЗУ


Бүгінде кез-келген қуаныштың төрінен «Вупи-пай», «Қызыл бархат», «Сүтті қыз», «Чизкейк», «Капкейк» сынды тәттілер орын алады. Дәмі тіл үйіретін торттарды кім пісіргенін сұрай қалсаңыз, Зухранікі екенін білесіз. Интернеттің игілігіін пайдаланып, Instagram арқылы тауарын нарыққа ұсынып отыр. Одан бөлек, 50 жуық нәзікжандыға шеберлік сабағын беріп, торт дайындаудың жолын үйретті. Еңбегі сұранысқа ие Зухраның тәттілерін біз де көріп қайттық.


Алдымен оның өмір жолына шолу жасасақ. 1993 жылы Бірлікте кіндік қаны тамған ол жастайынан зеректігімен, ептілігімен көзге түседі. Ұлағатты ұстаз боламын деген мақсатпен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алды. Мұратын ақиқатқа айналдырған кейіпкеріміз №56 мектепте мұғалімдік қызмет атқарады. Қара шаңырақтың берекесін арттырған келін. Алғашында көршілеріне үлестіріп, туған-туыстарына таратып, көпшіліктің оң бағасын алады. Күндер өте кондитерші болуға құлшынысы артып, өнімін нарыққа шығаруды мұрат етеді. Солай-солай Қызылорда, Ақтөбе қаласында өткен шеберлік сағаттарының қатысушы атанып, екі кәсіби сертификат иеленді. Бүгінде жаңақорғандық қыз-келіншектерге торт пісіруден шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибесімен бөлісіп жүр.
– Өмір ізденістен тұрады. Әйел қашанда жан-жақты болуы тиіс. Мен тәтті өнімдерін ғана емес, еуропалық тағамдар пісірудің тың тәсілін меңгергім келеді. Бұл бағытта ізденудемін. Шебер кондитерші әрбір өнімнің құрамына қосылатын май, шекер, кремінен жаңылмау керек. Яғни, торт пісірудің өзі жоғары жауапкершілікті қажет етеді. Халықтың көңілінен шыға білу маңызды. Келешекте кондитерлік дүкен ашып, тұрмысы төмен әйелдерді жұмыспен қамтысам деген арманым бар. Түскен пайданың белгілі мөлшерін қайырымдылыққа жұмсағым келеді, – дейді Зухра Тілепова.
Шіркін, мақсаты мен мұраты анық қазақ қызынан қалайша айналмасқа? Әйел – ас үйдің ханшайымы болуы керек деген түсініктен жаңылмай, ұстаздық ұлағатын көрсетіп жүрген Зухраның бойында бұдан өзге де игі қасиеттер жетерлік. – Отбасымызда қызықшылық орын алса, әркез Зухраға тапсырыс береміз. Оның тортының ерекшелігі, «Masсаrfone», «Cremette», кілегей мен ірімшік сынды қоспаларды жасандырғыш заттармен алмастырмайды. Сондықтан әрбір өнімі бал татиды. Торттың дизайндық көркемделуінен нәзіктік пен талғамды көресіз. Әрбір кондитерші Зухра сынды таза, ұқыпты, кәсіби шебер бола білуі тиіс, – дейді кент тұрғыны Гүлнұр Төребаева.

P.S.: Торт – тәтті өмірдің, тоқшылықтың символы. Осыдан 10 жыл бұрын тортты тек үйлену тойларында көретінбіз. Бүгінде туған күннің де, шағын отырыстың да сәні торт. Осындай сұранысты өтеуде Зухраның еңбегі елеулі.

Ханзада ДОШАН
16 шілде 2019 ж. 1 184 0