Жаңақорғандық журналистер тауға барып, серпіліп қайтты
Ой-шіркін-ай ааа! Демалыс деген керемет қой! Апта бойы мақала дайындап, газет өндірісіне дайындалып, жазу-сызудан шаршайтын журналистер бір серпіліп қайтты. Қарт Қаратаудың баурайында тойған қозыдай секіре асыр салып, той тойлап, шашлык жеп, суға шомылған шығармашылық адамдары арасында қиялға да беріліп, табиғаттан шабыт алып үлгерсе, енді бірі ішіне толған эмоцияны ен далада "Еххе", "УУУ" деген дауыстармен айғайлап шығарысты. Қайтсін енді? Олай болмағанда ше? Оларды да түсінуге болады. Ойдың адамы ғой!
Қысқасы, таңалаукеуіммен бастау алған пикник күн кешкісін батқанша жалғасын тапты. Ең өкініштісі, осыны жазып, фотоларын көріп-ақ әсерлерін біліп отырған, барғысы келсе де бара алмай қалған Ханзаданың өзегі өкініштен өртенердей халде.
Ұзын сөздің қысқасы.... Бұл ресми емес, еркін бағытта заманауи тілде жазылған кішкене суреттеу. Ал, таудың тамаша бейнесі мен журналистердің түздегі келбетін тамашалағыңыз келсе, фотоға зер салыңыз.
Пікір 3