№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА: ЖУРНАЛИСТЕР ӘРҚАШАН ЕЛДІҢ ҚАМЫН ОЙЛАЙДЫ

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА: ЖУРНАЛИСТЕР ӘРҚАШАН ЕЛДІҢ ҚАМЫН ОЙЛАЙДЫ


Қазақстан журналистер конгресі атқару комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева кеше ғана шыққан БАҚ өкілдерін аккредитациялауға қатысты шыққан бұйрықты зерттеуге уәде берді. 
«Қазіргі заманда журналистердің аузын жабуға болмайды. Қазір интернет арқылы өз ой-пікірін ашық айтуға мүмкіндік бар. Журналистер әрқашанда елдің қамын ойлайды, халықтың мұң-мұқтажын үкіметке жеткізеді. Бұл жағынан журналистердің рөлі өте маңызды», - деді ол Сенат кулуарында. 
Депутаттың айтуынша, қазір елімізге мықты журналистік қоғам керек. 
«Журналистер одағы деген бар, бірақ оның атын да естімейміз, не істеп жатқанынан да бейхабармыз. Өз салаларыңа қатысты заң жобасы қаралып, талқыланып жатқанда, ой-пікірлеріңді айтып, үкіметпен бірге жұмыс істеп, күресе білу керек. Өкінішке қарай, журналистік қоғам бұл мәселелерде белсенді емес», - деді Назарбаева. 
Оның айтуынша, түптің түбінде бұл дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының бірте-бірте жойылуына әкеп соқпақ. 
«Қазір телеарналар мен газеттерге оңай емес, өмір сүруі қиындап жатыр, барлық жағынан пайда көріп отырған интернет. Интернетте ешкімнің аузын жаба алмайсың. Бұл үлкен басымдық. Журналистер өздері балама заң жобасын әзірлеп, сол бастамамен шығуы керек», - дейді депутат. 
15 ақпан 2019 ж. 1 238 0