№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаратау етегіндегі құтты қоныс

Қаратау етегіндегі құтты қоныс

Аптаның жұма күні болатын. «Жаңақорған тынысы» газетінің кезекті нөмірін баспаға дайындап жатқан уақыт. «Уақыт керуеніне бөгет жоқ» дегенді жіті түсінетін редакциядағы шығармашылық ұжым уақытпен таласып газетті сапалы дайындауға күш салуда. Редакцияның әрбір мүшесі өзіне тиесілі жұмыспен шұғылдануда. Әсіресе, ымырт жабылған уақытта жұмыс қыза түсті. Кешкілік қарбалас сәтте Жайылма ауылдық округінің әкімі Талғат Зейдалиев келіп, амандық-саулық сұрап, жұмысының мәнін түсіндірді.– Биыл Қаратаудың етегіндегі елді мекенге 90 жыл толды. Айтулы мерекеге қызу дайындық жүруде, – деді ол.
– Құтты болсын!
– Рақмет! Жайылма құт-береке қонған мекен! Ондағы халықтың ауызбіршілігі мен ынтымағы жарасқан. Ел болып шама-шарқымызша мерейтойды өткізуге дайындалудамыз. Тойға демеушілік жасайтын қолы ашық кәсіпкерлер де, ұйымдастыру жұмыстарына ысылған қабілетті азаматтар да, өнерлі өрендер де бар...
– Бізден қандай көмек қажет?
– 90 жыл аз уақыт емес. Жайылмада осы жылдары басынан нені кешірмеді? Міне, осыны хатқа түсіріп, кітап қылып шығаруды қолға алсақ деймін. Соған қаламы ұшқыр қаламгер қол ұшын берсе деген ниетпен жүрмін, – деп жүрген жұмысын сөз етті. Сөзін бақсақ өте шұғыл мәселемен жүр екен.
Редакциядағы жұмыстың көптігінен сапалы туынды жазуға мүмкіндік болмайтынын, оның үстіне, бір жарым ай тым аз уақыт екенін ұғындыруға тырыстым.
– Жайылманың тарихын – бір ауылдың тарихы тұрғысынан шектелмеу қажет. Таудың етегіндегі елді мекен Қаратаудың бір бөлшегі. Олай болса, Қаратаудың тарихы деп түсінген дұрыс, – деп әкім алтыннан құйып, күмістен жонып, шегедей қағып сөйледі.
– Ауылды Қаратаумен байланыстыруыңыз орынды-ақ. Таудың біз білмейтін қандай сыры бар?
– Әрине, тау тасының саясында өстік ғой! Қаратау қазақтың тарихымен, ұлттық болмысымен біте қайнасып кеткен қарашаңырағы. Онда «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тауқыметін суреттейтін, өз кезінде нағыз ұлттық гимнге айналған «Елім-ай» жырындағы «Қаратаудың басынан көш келеді...» деп әспеттейтін тарихи оқиға орын алған. Жалпы, қазақ бағзы заманнан Қаратауды қадір тұтады, ерекше ардақтайды. Осы себепті алаш пен Қаратауды ажыратып айтуға болмас, сірә! Өйткені, қазақтың панасы ғана емес, ұлт болашағы үшін мәмілелі мәселе шешудің ордасы болды. «Күлтөбенің басында күнде жиын» даналығы осыны айғақтайды.
Тіл бітсе, тарихтың талай құпиясы ашылар ма еді?! Таудың тастарына көз салып көрсеңіз, әрбірі құпияны ішіне бүгіп жатқандай. Есте жоқ ескі замандарда ежелгі адамдар осы таудың баурайын мекен еткен деген деректерті, тастардағы қашалған бейнелер дәлелдейді. Мұндай тарихи орындар 400 шақырымға созылып жатқан Қаратау қойнауында өте көп. Оқымыстылар оларды қола дәуірі мен орта ғасыр аралығында бейнеленген деп жорамал жасап жүр.
Әріден әңгіме қозғамай-ақ қоялық, кешегі жоңғар шапқыншылығы кезінде осы жерлерде қиян-кескі соғыстар өтті. Отызыншы жылдарындағы аштықта бұл мекен қазақ халқының зұлматтан аман қалуына көп септігін тигізді. Олай болса, қарт таудың қойнауында елдің басына қауіп-қатер алып келген талай қилы кезең өтті емес пе? Бізге белгілісі берідегі қиян-кескі шайқастар ғана.
– Осы жұрт Қаратау десе еміреніп тұрады. Онысы несі?
– Е-е-е, табиғаттың тамашасына көз салғыңыз келсе, Қаратаудың баурайына барсаңыз. Тіптен, әрбір тасты қолмен қашап жасаған мүсіншінің туындысы дерсіз. Алайда, оның барлығы он сегіз мың ғаламның төл туындысы. Беткейінің қоңыр және қызғылт қоңыр түсті топырағы да адамды тамсандырмай қоймайды. Сан алуан өсімдіктер де таудың келбетіне шырай қоса түседі.
Көктем мезгілінде таудың етегі қызылды-жасылды қалы кілемдей жайнап кетеді. Қырдың қызғалдағы, сарғалдағы және өзге гүлдер көздің жауын алады. Құдды бір Иран бағын аралап жүргендей әдемі күйге бөленесің. Әсіресе, қызғалдақты айтсаңызшы. Айтпақшы, қазір әлемде гүл бизнесімен өркенін жайған Нидерланды корольдігі оның түпкі отаны – Қазақстан екенін жоққа шығарып отырған жоқ.
– Бұл жайлы нақты деректерді білесіз бе?
– Дерек көздеріне сүйенсек, 1246 жылы итальян жиһанкезі Плано Карпини Қарақорымға сапарға шыққан екен. Жолай Қаратаудың етегі арқылы жүрген. Жергілікті жердегі сұлу табиғатқа тәнті болған ол қазақ даласын
14 наурыз 2018 ж. 2 378 0