№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Нұр-Сұлтан – нұрлы шаһар

Нұр-Сұлтан – нұрлы шаһар


Тегінен таралған соң асылдардың,
Астанам берекеңді қашырмадың.
«Нұр-Сұлтан» саналасың алтын діңгек,
Толғаған тариxында ғасырлардың.
Нұрсұлтан астанамсың мұнаралы,
Төбеңді торламасын тұман әлі.
Туған жер топырағың шабыт беріп,
Шыңдаған ақындарды,ғұламаны.
Өзіңмен көшіңдемін өр кеменің,
Тербегенім бақытпен тең көрерім.
Елордам Нұрсұлтаным нұрланғанда,
Жырыммен пайдам тисін елге менің.
Айналған берекенің бөлшегіне,
Сай болған еңбегімен еңселіге.
Астана таңданамын, өзің жеткен,
Қарасам өзгерістер өлшеміне.
Сен барда өзгелермен шендесемін,
Елімсің арта білген ерге сенім.
Нұрсұлтанды қалаған Нұрсұлтан бар,
Қалайша жырламаймын ел көсемін.
Ұлы дала кіндігі бас қаланың,
Бірлік дейтін қаладық тас қамалын.
Құрметіне елеулі Елбасының,
Алмастырды атауын Астананың.
Жайлаған арқа төсін, сай-төбені,
Қазағым саф қаласыз қайтер еді?
Бәйтерек Нұрсұлтанда орналасса,
Нұрсұлтан – барша жұрттың бәйтерегі.

Нұрсұлтан СҮНӘДІЛЛА
06 шілде 2019 ж. 984 0