№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТҰЛҒАНЫ ТАРИХ ТАҢДАЙДЫ

ТҰЛҒАНЫ ТАРИХ ТАҢДАЙДЫ

  Данагөй абыз Төлебидің: «Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол, Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол, Бір тонның жағасы болма, Бар елдің ағасы бол», – деген өсиет сөзі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына арнап айтылғандай.

  Тәуелсіздік алған жылдан бастап халқы үшін еңбек еткен, еліміздің ішкі-сыртқы саясатында даналығымен, тарихи шешімдер қабылдауда көрегенділік танытып келгеніне бүкіл ел куә. Бір істі бастарда соңына дейін жету үшін адамға шыдам, жігер және қайсарлық керек. Ал, отыз жылға жуық бір елді басқарып, кез-келген тығырықтан шыға білу тегін адамның қолынан келмесе керек. Елбасы Астананы осылайша салды. Тербелген Есіл бойында кереметтей қала салып, келбетін бүкіл әлемге паш етті. Ендеше, елорданы Нұр-Сұлтан деп ауыстырғаны құптарлық дүние.
  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде бастама көтеріп, артынша Жарлыққа қол койылды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының шешімі өте батыл шешім. Ендігі біздің мақсатымыз ел болып, халық болып, басшы-қосшы болып бір ауыздан қолдап «Мәңгілік ел» идеясы жолында тарих бетінің жаңа парақшасын жалғастыру.
Әлем тарихына көз жүгіртсек, АҚШ-та Вашингтон, Ресейде Санкт-Петербург, Италияда Рим және басқада мемлекеттерде астанасы өз қайраткерлерінің есімімен аталады. Сондықтан да Елбасының идеясымен бой көтерген әсем қала Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгергені қуанарлық жағдай. Себебі, астананы Алматыдан көшіріп, өзі негізін қалаған жаңа шаһар тұрғызып, алпауыт елдермен тереземізді тең ұстаған да Нұрсұлтан Назарбаев екені баршамызға мәлім.
Жаңа атқа ие болған астананың алдында бұдан да биік, ұлы мақсаттар тұр. Сонымен қатар, бұл жаңа мүмкіндік әрі үлкен жауапкершілік шекарасын нықтап бекіткен, ядролық қарудан бас тартқан ел үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Елордамыз болашақпен бірге көркейіп, кемелденіп, халықпен бірге жасай беретініне сенім білдіргім келеді. Елі сүйген тұңғыш президенттің еңбегі бағаланды ағайын!

Нариман ЖАКУДАЕВ.
09 сәуір 2019 ж. 906 0