Нұр-Сұлтан – Нұрсұлтан Әбішұлының туындысы
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы жасампаз істердің жолбасшысы, саяси тұрақтылықтың кепілі, елдіктің мұратын асқақтатушы, Елорданың негізін қалаушы қайраткер. Расында, Сарыарқадай сайын дала төсіндегі Есілдің қос жағалауынан бой көтерген Астананың кең қанат жайып өркендеуі әрбір қазақстандыққа рух береді.
Әрине, айта салу жеңіл болғанымен, оның құрылысын жүргізу барысында қиындықтар кездескенін біз жақсы білеміз. Себебі, өзім 10 жылдан астам елорданың құрылысының басы-қасында болдым. Әлі де құрылыс жұмысына араласып, еңбек етудемін.
Астана әрбір қазақстандықтың бойына Тәуелсіз елдің ертеңіне деген сенімін қалыптастырды. Енді жұрттың бәрі Астанаға баруға асық, тіпті, өзге елдер де емірене қарайды. Міне, Қазақ елінің Тұңғыш Президентінің халқының алдында атқарған теңдесіз жобасы осы.
Бір сөзбен айтқанда, Астана – Нұрсұлтан Назарбаевтың төл туындысы. Себебі, қаланы бір көрген адам одан Президенттің айшықты қолтаңбасын жазбай таниды. Осындай сұлу да, сымбатты, көркем қаланың әлем қалаларымен иық тірестіретін деңгейге жетуіне мен де бір кірпіш қалағаныма ризамын, әрі, мақтан етемін.
Самат АЙТЖАН,
құрылысшы.
құрылысшы.