№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЖАНҒА ШУАҚ, ТӘНГЕ ҚУАТ

ЖАНҒА ШУАҚ, ТӘНГЕ ҚУАТ

      


Ас – адамның арқауы. Адамды сауықтыруда тағамның құнарлығы мен энергиясы үлкен рөл атқарады. Сол сияқты, әркімнің тамақтануға қоятын талабы мен талғамы бар. Ал, мұндай үрдісті шипажайлықтар жүйелі жолға қойған. Яғни, «Жаңақорған шипажайы» шипалы батпағымен ғана емес, құнарлы, сапалы тағамымен де демалушылардың көңілінен шығуда. Осы тақырыпқа қалам тартпас бұрын, шипажайдың асханасына бағыт алған болатынбыз.


       Жаңақорған бренді саналатын шипажайдың темірдей тәртібі мен мұнтаздай тазалығы баршаға бесенеден белгілі. Сапалы кадрлардың қызмет көрсету үлгісін еуропалық стилде жаңартқан асхана бөлімінің өзінше ауасы да бөлек. Кіргеннен күлімдеп қарсы алған бөлім меңгерушісі Гүлмира Әшірбекова қазақы қонақжайлығымен қал-жағдай сұрасып, дастарханын жая кетті. Ең алғаш асхана даяршыларының аппақ түсті формасына еріксіз көз түсті. Тазалықтың басты нышаны саналатын ақ киімді негіз еткен қызметшілер әркез демалушыға арнайы киіммен қызмет жасайды. Сондай-ақ, әрбір тағамды жылы жүзімен күлімдеп тұрып, «ас болсын, асыңыз дәмді болсын, шипа қонсын» деп ұсынатын асхана қызметкерлеріне Қазақстанның тіпті алыс-жақын шетелдіктердің де алғысы асқар таудай.

  • Жаңақорғандықтар жаныма, табиғатыма жақын. Сол себепті, жыл сайын емделуге келемін. Әсіресе, асхана қызметкерлерінің тазалығы, дәмді тағамы, қызмет көрсету сапасы көңілімнен шығады. Қаншама шипажайларды көрдік. Бірақ, қазақылықтың қаймағындай болған жаңақорғандық шипажайлықтардың тынысы ерекше. Мұнда көз тоймайтын жасыл желкен табиғат та, жесең тоймайтын дәмді тағамар да, бәрі үйлесім тапқан, – дейді ақтаулық Сәкен Дүйсенәлиев.
Иә, бұл пікірге өзге де демалушылар үн қосып, оң бағасын беріп жатты. 400 адам тамақтануға арналған асхана бөлімінің жауапкершілігі жоғары. Олай дейтініміз, сан түрлі тұтынушының көңілінен шығу үшін таңертеңгі сағат 4:00-ден жұмысқа кірісетін аспазшылар  7:30 да таңғы тамақты ұсынады. Яғни, тамақтың дәмділігіне жауаптылар да осылар. Бүгінде, алты аспазшы, 1 бас аспазшы жұмыс жасайтын асханада Айгүл Исламова, Кәмшат Құндызбаевалардың ерекше еңбегін айта кету керек.



Біз асхананың әрбір бөлігін аралай келе, түпкі бөлмедегі қамыр жаюшы қыздарды көрдік, енді бірі тұшпара бүксе, бірі ыстық оттың басында тамақ араластырып әлек. Яғни, асханадағы қызметкерлердің әрқайсысына жүктелген жұмыс бар. Тиісінше, маманданғандар уақыттың жылдамдығына ілесіп, кешкі асты дайындап жатты.


   Иә, үйге келген қонақтың жайын жасай алмай жүгіріп кететін кездеріміз бар. Ал, асханашылар үшін 400 адамның көңілін тауып, қызмет ете білу аса қиын емес. Себебі, олар өз жұмысын аса ыждақаттылықпен атқарады. Әрбір демалушының өз таңдауына қарай бірінші, екінші тамақ, салат, ыстық шәй, пісірілген бәліш, түрлі тәттілер, табиғи шырындар ұсынатын асханашылардың еңбегі қажырлылық пен шыдамдылықты талап ететіні анық.


   Енді асхананың әлеуетіне тоқталсақ. Қашанда жаңа заманның жаңалығын қолданысқа енгізуді көздейтін «Жаңақорған Шипажайы» Ақ басқарма басшысы Бақытжан Абдуллаев асхананы жоғары технологиямен 100 пайыз қамтамасыз еткен. Яғни, 5 минутта 2000 шыны ыдыс жуатын ыдыс жуғыш құрылғы, қамыр илейтін аппарат, нан турайтын автомат пышақ тіпті көкөніс аршылайтын құрылғылар мен слайсерлердің түр-түрін ас дайындау ортасынан табуға болады.
   Шипажайдың тынымсыз тіршілігімен таласып, жұмыс жасап үздік атанған кәсібилердің қатарында Жұпар  Хайриллиева, Сейтқан Қуаныш, Алмас Ибрагимов, Айда Тоқтар, Ұлбала Қалдыбаева, Виктория Фонарина бар.
   Ерекше айта кететіні, өз саласының кәсібиіне айналған Гүлмира Берікқызының бұл бөлімді басқаруында да терең сыр жатыр. Ең алғаш еңбек жолын шипажайда еден жуушылықтан бастап, медбике, бас мейірбике сынды жауапты қызмет атқарып, асхананы шебер саясатымен жайқалта білген жүзі жарқын жанның еңбегіне адал екенін де аңғардық.


   Сондай-ақ, бұл мекенде жоғары сападағы 60 адамға қызмет ететін люкс асхана да бар. Әрбір қабырғасы ерекше дизайнда жасалған асхана 4 мезгіл тамақ ұсынса, дастархан мәзірі швед үстеліне сай. Яғни, әрбір демалушы қаз-қатар тізілген тағамдардан қалағанын алып, дәм татады. Міне, осындай элиталы сападан-ақ асхананың тынысын тануға болатындай.
                                                                                                Ханзада ТӨРЕХАН.
 
03 шілде 2019 ж. 1 896 0