Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шипажайдың Жылдық жиыны

Шипажайдың Жылдық жиыны

Шипажай – күллі Қазақстан мен алыс-жақын шетелге танымал Жаңақорған бренді. Батпағы мен тұзды суы талай жанға дәру болған саялы мекеннің қашанда тіршілігі тынымды. Көптің көзін қызықтырып, талайды тамсандырған тамаша мекеннің жылдан-жылға жаңалығы да көбейіп келеді. Соның бірі – 29 сәуір күні ұйымдастырылған Шипажай акционерлерінің жылдық жалпы жиыны.

Қазақстан Республикасының Кәсіп­одақтар Федерациясы төрағасының I орынбасары Біржан Нұрымбетов, шипа­жай акционері Амангелді Абдуллаев пен қызметкерлер белсене қатысқан жиында бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Шипа­жайдың экс басшысы Амангелді Мүбәрәкұлы санаторияның кешегісі мен бүгінін таразылап, жыл бойы жасалған жұмыстарға тоқталды. Ал, алғы сөз алған Жаңақорған шипажайы АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Абдуллаев:
– Талап бар жерде тәртіп болатыны анық. Тәртібі түзу жердің тіршілігі де тынымды болмақ. Сондықтан, өзім басшылық еткен ұйымда ең алдымен, тазалық, тәртіп болуын баса назарда ұстанумен келемін. Аллаға шүкір, жылдан-жылға жұмысымыз жанданып, жаңалық көбейіп келеді. Жан-жақтан келетін демалушыларға жақсы жағ­дай жасай білу – біздің міндет. Бұл орайда, шет елден арнайы заманауи технологиялық аппараттар алдырдық. Яғни, бұдан былай шипажайға келген әрбір демалушы биохимиялық қан талдауын жасайтын құрылғылар арқылы денсаулығы жөнінде ақпарат біліп, кез-келген қан талдауының нәтижесін біле алады, – деді.
Қазір көпті алаңдатқан мәселе – әлеуметтік тұрмыстық жағдайы мен көпбалалаы аналардың бала санына қарай мемлекеттен қолдау алуы. Бұл тақырыпқа да баса назар аударған шипажайдың басшысы мамыр айынан бастап жұмысшылардың жалақысы 15 пайызға өскенін хабарлады. Сондай-ақ, көп балалы аналарға 85 мың теңге көлеміндегі жеңілдік пен жаңа босанушыларға 42 мың теңге берілетінін жеткізіп, жыл бойы үздік жұмыс жасаған сала жұмысшыларын марапаттады. Ең үздік, ең белсенді жұмыс жасаған сала мамандары Қазақстанның әр түрлі аумағында орналасқан санаториялық курорттық мекендерге жолдама алды.
Акционерлік қауымдастық басшы­лары мен қызметкерлердің басын қосқан жыл қорытындысы осылайша тәмамдалды. Қуанышты жаңалық жұмыс жасаушылар мен көпбалалы аналарға керемет күй сыйлады. Енді, кез-келген жеке тұлға биохимиялық қан талдауыүшін алыс қалаға аттанбай-ақ, шипажай аппараттарына жүгіну арқылы қан нәтижесін білуіне мүмкіндік бар. Олай болса, көпшілікке қуаныш сыйлаған мекеменің жағымды жаңалығы әлі де көбейе бергей деп тілейміз.

Ханзада ТӨРЕХАН.
21 мамыр 2019 ж. 1 068 0