Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА



Барлығымызға белгілі, 2013 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 3 млн. теңгеге дейінгі қайтарымсыз гранттар беру конкурсы жүзеге асырылуда.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердауси Қожабергенов мәлімдеді.
«Конкурсқа шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі және 50 жастан асқан азаматтар өздерінің жаңа бизнес-жобаларын ұсыну арқылы үміткер бола алады. 2019 жылы мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау рәсімі ағымдағы жылдың 10 маусымынан басталып, 21 маусымына дейін жалғасады»,-деді Ф. Қожабергенов.
Бизнес-идеялардың жаңашылдығы мүгедектер үшін қолданылмайды, яғни оларға Бағдарламада басымдық берілген.
Басқарма басшысының айтуынша, бағдарлама талаптарына сәйкес жобаны іске асыру үшін сұратылған грант қаражатының 10 пайызы мөлшерінде өзінің үлесін қосу қажет. Яғни, кәсіпкер қаржылай немесе жылжымайтын/ жылжымалы мүлікпен қатысып, міндетті түрде жұмыс орнын құруы тиіс. Кәсіпкер грант қаражатын алу үшін міндетті түрде «Бизнестің жол картасы 2020» немесе «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуы тиіс.
Грант қаражатын кәсіпкерге берілуі жөнінде арнайы конкурстық комиссияның шешімімен іске асырылады. Конкурстық комиссиясының шешімі оң болған жағдайда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Даму» қоры және кәсіпкер арасында үшжақты келісімшарт жасалады.
Мемлекеттік грант беру конкурсының қағидатына сәйкес, конкурс нәтижесі бойынша оң шешім алған бизнес-жобаларға грант қаражатын алған күннен бастап 1 жыл ішінде шарт талаптарының орындалуына «ДАМУ КДҚ» АҚ-мен мониторинг жүргізіледі.
Айта кететін жәйт, жыл сайын аталған конкурсқа үміткерлер санының өсуін ескеріп, осы жылдың екінші жартыжылдығында қосымша қаражат тарту мақсатында облыстық бюджеттік комиссияның қарауына тиісті ұсыныс әзірлену үстінде.
20 маусым 2019 ж. 803 0