№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жақсылықтың жаршысы!

Жақсылықтың жаршысы!

                 
         
Рамазан – пенде атаулы күнәсінә тәубә етіп, ізгі іске асығатын қасиетті ай. Ұлық болған ұлы айда қаншама жандар сауабын асырып, жақсылық жасаудан жарысып-ақ жатыр. Демек, жақсылық пен садақаға, қайырымдылық пен қамқорлыққа, мейірім мен махаббатқа, ізгілік пен шапағатқа бастаған ниеттерге Жаратушының даберер нығметі шексіз. Олай болса, тақырып ауаны  – мешітке өз қаржысынан  қомақты соммаға бастырма орнатып, талай жанға сая сыйлаған байкенжелік жастар жөнінде...
Ақшам уақыты. Алла үйіне асыққан пенделердің жүзінен шексіз қуаныш анық байқалады. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін мешіт ауласына асығып, бой көтерген баспанаға тамсанумен әлек. Мектеп бітіргеніне 10 жыл толған ауылдың 1991 жылғы түлектері салған 200 орындық баспана заманауи келбетте жарқырап тұр. Осындай, игі істі халыққа жария етіп, салтанатты түрде ашып беруді мақсат еткен ауыл әкімі мен 1971, 1981 жылғы түлектер демеуші болып, қайырымдылық асын берді.
  • Құрметті ауыл тұрғындары! Биыл берекелі, мерекелі жыл болды. Мектеп бітірігеніне 10,20, 30 жыл толған түлектер өз шамаларынша ауылға сый-сыяпат жасауда. Бұл олардың туған жерге, туған елге жасаған перзенттік парызы, құрмет-ықыласы деп білемін. Дастарханды жаю мақсатымыз – жасалған кереметтей дүиені көріп, таныстыру әрі ауыл тұрғындарын имандылық иіріміне шақыру, – деген ауыл басшысы Нұрғали Оспанов 2 бұйымтайды ерекше атап өтті. Ең бірінші, айлардың сұлтаны болған Рамазан айын қадырлеу. Яғни, қасиетті айда тұрғындардың ұрыс-керіс, өсек-аяң, араздасушылық сынды кереғар амалдарға ұшырамай, керісінше имандылыққа ұйуын талап етті. Сондай-ақ, ілім-білімге, игі амалдарға ниеттенген ауыл жастарын тура жолға бастап, ораза тұтқан жандарға құрмет жасап, асыл дінімізді дамытайық деп ерекше бастама бастады.        Иә, расын айтқанда, садақаның сауабы зор. Әсіресе, мешіт үшін берілген  садақаның сауабы  пенделердің ұрпақтарына дейін дарып отырады. Бұл туралы қасиетті Құранда                                                 деп айтылса, пайғамбырымыз Мұхамед (с.а.с) хадисінде                                     деп айтылған. Демек, жақсылық жасап, қайырымды істерде жарысу – адамзат атаулыны мәңгі бақытқа, ізгілік пен қуанышқа жетелейді.
Имандылық иірімі сезілген салихалы жиында арнайы сөз алған ауданның бас имамы Сайдулла қажы Омаров та  жылы лебіз білдірді.
  • Құрметті жамағат Рамазан айы қабыл болсын! Биылғы жыл «Ислам және отбасы» жылы болып белгіленді. Мұндай сауаптар еселенетін ұлық күнге жете алмай кеткен жандар қаншама. Сол үшін бүгіннің бағасын білейік, осындай ашық аспан астындағы бақытты күнге шүкір етейік. Өзгеруді өзімізден бастау үшін балаларға өнеге, тәрбиені мықтап берейік. Жастайынан отбасы институтынан берік ілім алып, тәлімді тәрбие көрген азамат ешқашан да адаспайды. Ондай адам ертең тұлға болып, ел мен жердің дамуына қызмет етеді. Сол үшін Елбасы айтқан, рухани жаңғыруды отбасынан бастайық. Қазақта «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген баталы сөз бар. Ана мен әке ұрпақ санасына тәрбиенің озық үлгісін дарытып, бойына бітірсе сол біздің руханиятымыздың беріктігі болмақ, – деген бас имам баспананы өз қаржысынан салдырған 1991 жылғы жастарды жинап, ізгі тілек пен ақ батасын жаудырды. Әрі қарай, жергілікті жерден шыққан ата-бабалар рухына Құран бағыштады.
Салихалы әңгіме, пәтуәлі сөздің сыбдыры естілген мешіт ауласында руханият әлемінің төбесі көкке көтерілді. Барша қауым имамға ұйып уағыз тыңдады, иман дәмін аңсаған жүректер тулап, тебірене түсті. Қайырымдылық жасаудан қалыс қалмаған арда азаматтар өзара жасаған ісіне дән риза болысып, марқайа түссе, ауыл балалары үлкендерге табақ тартып, қызмет жасады. Байқауымызша, 600 мыңдай қомақты соммаға бой көтерген баспана әлі талай асқа арқау болып, жамағатқа көмегін тигізері анық. Сөз соңында, 1991 жылғы түлектердің көрегенді ісі баршаға үлгі болса игі...
                                                                                      Ханзада ТӨРЕХАНҚЫЗЫ.
12 маусым 2019 ж. 602 0