№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ТАМШЫЛАТЫП СУАРУДЫҢ ОТАНЫ

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУДЫҢ ОТАНЫ

Қазақстанда тамшылатып суару әдісін 2005 жылдан бастап енгізе бастады. Ондағы мақсат – су шығымдылығын азайтып, бақша өнімдерінен мол өнім алу еді. Мін, бұл бағытта отандық шаруашылықтар қолданып жүрген израйльдік тәжірибенің тиімділігі жоғары.

Израильде суландыру жүйесінің 98 проценті тамшылатып суару тәсілін қолданады. 1959 жылы ұлты еврей инженер-гиротехник Симха Бласс пластик құбырлар бітеліп қалмас үшін суды қысыммен айдайтын пластик мөлшерлеуіш арқылы жібере бастады. Патенттелген бұл тәсіл кең қолданылып жүргені белгілі. Жалпы, еврейлер тұщы судың тапшылығына қарамастан озық ауыл шаруашылығы технологияларын ойластыруда. Израильде алма бағы тамшылатып суару әдісінің арқасында гектарына 450-750 центнер өнім береді. Бұл әдіс жүзімдіктерді суарудың өзге тәсілдерін тұтастай алмастырады. Шашыратып және атыз арқылы суаруға қарағанда, тамшылату тәсілімен түсім 20-30 процентке артып, жүзімдіктердің жылдық жеміс беру қарқыны өскен.
Сондай-ақ жерінің басым бөлігі шөл және шөлейтті, өзендері жаздың аптап ыстығында сарқылып қалатын, пайдалаы қазбалары мен өсімдіктер дүниесі жұтаң Израильдің тамшылатып сурау әдісі мен аспалы бақтарды, жылыжайларды салуда тәжірибесі мол. Бұл елде өндірісті әртараптандыру мен шоғырландыру – осы саланы шығынға ұшыратпайтын жаңа тренд. Ғылым мен техниканы ұштастырған биологтар дәрумендерге бай қызыл бұрыш, сырты сары, іші қызыл лимон, сары түсті қарбыз, қара қызанақ секілді көкөніс пен жемістің түр-түрін ойлап табуда. Айта кету керек, топырақта, күнің көзінде домалап жататын қарбыздар Израильде аспалы бақта өседі. Қарбыздың өсіруге ыңғайлы, салмағы 500 грамнан бастап, ең ауыр дегенде 3 келіге дейін болатын тұмымы ойлап табылған. Оған қоса, фермерлер арасында бәсеке өте жоғары, өйткені өз технологиясын өндіріске енгізсе, кірістің 40 процентін алып отырады.
Қорыта айтқанда, Израиль елінің озық отыз елден ойып тұрып орын алуында, өзіндік табиғи ерекшеліктерімен қатар, еврей ұлтының еңбекқор тынымсыздығы мен тұрақтылыққа негізделген экономи­касының жемісі.
25 мамыр 2019 ж. 844 0