Мемлекет басшысы: Шаруаларға жаңа технологияларды үйрету керек
Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арналған Жолдауында мәлімдеді.
2022 жылға қарай еңбек өнімділігін ұлғайтып, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру керек. Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын заманауи агротехнологияларды тартуға бағыттау керек.
«Мен арнайы Қазақстанда бар тәжірибелерді қарадым. «Бөрте-Милка» ЖШС роботтандырылған жүйелер мен өзге де инновацияларды енгізу арқылы сүт өндірісін 2 есеге көбейткен. «Атамекен-Агро» технологияларды жетілдіру, өндірісті автоматтандыру жолымен 5 жылда астық түсімін 2,7 есеге арттырған. Биылғы түсім 13 процентке артты. Бұған дейін бір гектардан 32 центнер өнім алып көрмегенбіз. Мұның барлығы ғарышта емес, Қазақстанда болып жатыр. «Байсерке-Агро» бәрімізге таныс.Темірхан Досмұхамбетов тамшылатып сурау әдісімен жүгері түсімін 3-4 есеге көбейтті. Ол зейнетке кеткен академиктерді шақырды, олардың білімін пайдаланды. Мұндай кәсіпорындар жеткілікті»,- деп атап өтті Президент.
Сонымен бірге, Елбасы Сингапурдың шетелдік мамандарды шақыру тәжірибесін мысал ретінде келтірді.

Пікір 2